Украинада Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли соңына дейін жеп тауыспаған круассан сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тиісті хабарламаны желіде Украинаның Евгений есімді тұрғыны қалдырған. Оның айтуынша, Анджелина Джоли Львовке келген сапарында дәмханадан ас ішіп, тәтті тоқашын тауыспаған. Хабарламаның скриншоты желіде тарап кетті.
Автор жазбасында Джоли келген дәмханада тазалаушы болып жұмыс істейтінін жазған. Голиивуд жұлдызы жеп тауыспаған нан өнімі үшін Евгений миллион гривен (15 миллион теңге шамасында) сұрауда.
Ал дәмханадағылардың айтуынша, Анджелина Джоли "Корольдік" круассанын, арқан балық мен моцарелла қосылған круассан мен капучино кофесіне тапсырыс берген.