Тұтынушылық кредит алуды қиындату керек - экономист

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 12 желтоқсанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында шамадан тыс тұтынушылық кредит беруді шектеу және кепілсіз онлайн-микрокредит беруді барынша қатаң реттеу қажеттілігі туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әділқасымова Үкіметтегі баяндамасында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін тұтынушылық кредит беруді реттеуді қатаңдату жөніндегі шаралар кешені іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

«Азаматтардың тұтынушылық кредиттер бойынша проблемалық берешегінің өсуін шектеу үшін  2022 жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғалардың 90 күннен астам  мерзімі өткен барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары мен микрокредиттері бойынша сыйақы есептеуге заңнамалық түрде тыйым салынды. Осыған дейін 90 күннен астам мерзімі өткеннен кейін айыппұлдар мен өсімпұлды есептеуге заңнамалық түрде тыйым салынды», - деді ол.

Айта кетерлігі, төлемге қабілетсіз қарыз алушыларға тұтынушылық кредиттер беруді шектеу үшін 2020 жылдан бастап қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициенті қарыз алушының жиынтық кірісінің 50%-ы деңгейінде белгіленді. Сондай-ақ кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салынды.

«2022 жылы борыш жүктемесі коэффициенті пруденциялық  норматив ретінде белгіленді және оны банктер мен микроқаржы ұйымдары міндетті түрде сақтауға тиіс. Сонымен бірге қарыз алушының кірісін есептеу күшейтілді. Мәселен, расталған кірістер тізбесі 18-ден 12 өлшемшартқа дейін қысқартылды. 2022 жылы борыш жүктемесі нормативін есептеу бойынша талап берілетін микрокредит сомасына қарамастан жеке тұлғалардың барлық микрокредиттері бойынша белгіленді. Ал бұрын бір ең төменгі жалақыдан аз сомаға микрокредиттер берген кезде борыш жүктемесі коэффициенті есептелмеді», - деді агенттік Төрағасы.
Жалпы елімізде тұтынушылық кредит берудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін банктер мен микроқаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу шаралары қатаңдатылды.

Мәселен, банктердің 2 млн теңдеген астам ірі тұтынушылық кредиттер беруін шектеу үшін  2022 жылғы қазанда осындай кредиттер бойынша тәуекел-саралау коэффициенттері 150%-дан 350%-ға дейін көтерілді.

«Тұтынушылық микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін шектеу жөнінде реттеушілік шаралар қабылданды. Нәтижесінде өткен жылы 45 күнге 50 айлық есептік көрсеткішке дейін кепілсіз микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді. Бұдан басқа, микроқаржы ұйымдарына тексерулер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша реттеушілік талаптарды сақтамағаны үшін 23 микроқаржы ұйымының лицензиясы қайтарып алынды», - деді Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы баяндамасында.
Десе де статистикалық деректерге сүйенсек, 2022 жылғы 11 айда банктердің жеке тұлғаларға кредиттер беру көрсеткіші 29,4%-ға 13,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде тұтынушылық кредиттердің көлемі 24,1%-ға 7,6 трлн теңгеге дейін өсті, қарыз алушылардың жалпы саны   6 868 мың адамды құрады. Ал 90 күннен астам мерзімі өткен кредиттердің үлесі 5,6%-ды немесе 461 млрд теңгеге жетті. 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз алушылар саны жыл басынан бері 121 мың адамға ұлғайып, 536 мың адамды құрады.

Экономист, GSB UIB директорының орынбасары Мақсат Халық тұтынушылық несие алу көрсеткішінің әлі де азаймай жатқанын халықтың әлеуметтік жағдайымен байланыстырады.

«Тұтынушылық кредитпен күресу керек. Себебі қазіргі несиелердің пайыздық көрсеткіші ең жоғары болып тұрған уақыты. Өткен жылы Ұлттық банк бірнеше мәрте базалық ставканы көтерді. Қазір базалық мөлшерлеме 16,75 пайыз болып тұр. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Ол 2021 жылы 9 пайыз болған, былай айтқанда екі есеге артып отыр. Бұл екінші деңгейлі банктердің тұтынушылық несиені 50 пайыздың үстіндегі үстемемен беруіне әкеп соққанын атап өту керек. Егер ондай пайызбен несие алса, біздің азаматтарымыз өте үлкен шығынға ұшырайды. Соған қарамастан 2022 жылғы көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда жоғары екенін аңғартып отыр. Бұл жақсы үрдіс емес. Оның ішінде азық-түлікті де несиеге алу жағдайлары көбейіп кеткен. Меніңше, бұл біздің халықтың әлеуметтік жағдайының одан сайын ушығып жатқандығының көрінісі. Негізі несие пайызы жоғарылаған кезде, несие алу көрсеткіші төмендеуі тиіс. Ал бізде керісінше болып жатыр. Қазір меніңше, тұтынушылық кредитті алуды барынша қиындатқан дұрыс. Сол үшін бұл мәселені тыңғылықты қарау керек», - дейді ол.
Бұдан бөлек, микроқаржы ұйымынан тұтынушылық қарыз алу көрсеткіші елімізде әлі де азаяр емес. Агенттік бұл мәселемен күресуде де тиісті шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.

«Микроқаржы ұйымдары беретін проблемалық тұтынушылық микрокредиттердің деңгейін азайту үшін өткен жылғы желтоқсанда 90 күннен астам мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі бойынша 20%-дан аспайтын деңгейде лимит енгізілді. Лимиттен асып кету меншікті капиталдың жеткіліктілігі нормативін сақтамау болып табылады және салдарынан микроқаржылық қызметке берілген лицензия қайтарып алынады», - деді Мәдина Әбілқасымова.
Мақсат Халықтың айтуынша, заңсыз жұмыс істеп жатқан алаяқ микроқаржылық ұйымдарды анықтау жұмыстарына тек Үкімет қана емес, қоғам да белсенді араласуы тиіс. Әсіресе азаматтардың қаржылық сауаттылығына баса көңіл бөлінуі керек.

«Негізі микроқаржылық ұйымдардың жұмысын реттеу аясында біраз жұмыстар жасалынды. Олардың көбі лицензияларынан да айырылды. Бірақ әлі де бұл бағыттағы тексерістерді жалғастыру керек, тұрақты мониторинг жүргізу керек. Өйткені әлі де лицензиясы жоқ, қаржылық алаяқтықпен айналысатын компаниялар бар. Қоғамды сондайлардан тазарту қиындау болып жатыр. Өйткені Үкіметтің қолынан барлық процесс келе бермейді. Себебі шағын және орта бизнестерге тағы бір жыл мораторий жариялап қойды. Сол үшін мемлекет әрбір мекемені барып тексере бере алмайды. Осы жерде азаматтарымыздың белсендігі маңызды. Қандай да бір қаржылық ұйымға алданып қалсаңыз, міндетті түрде оның атын атап, түсін түстеп әлеметтік желіде жария ету керек. Өйткені ондайлардың жолын халық өзі байламаса, олар арам пиғылдарын солай жалғастыра береді. Сол үшін құзыретті органдарға шағым беруден бөлек, алаяқ компаниялардың аттарын жан-жақты жариялау керек. Сондай-ақ, бұл ретте азаматтарымыздың қаржылық сауаттылығын барынша арттыру керек. Себебі микроқаржы ұйымынан қарыз алар кезде, азаматтарымыздың көбі ол ұйымның лицензиясы бар  ма, жоқ па сұрастырмайды. Қарпайым ғана қаржылық мониторинг агенттігінің сайтына кіріп, ол ұйым тізімде бар ма, жоқ па анықтау керек деген сияқты механизмдерді білсе деймін», - дейді экономист.
Сарапшы еліміздегі микроқаржы ұйымдарының функциясын реттестіру керектігін айтады. Оның сөзінше, аталған ұйымдар тұтынушылық несие берумен емес, кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосулары керек.

«Микроқаржы ұйымдарының да атқаратын өз үлесі бар. Ол әсіресе шағын және орта бизнесті қаржыландыруда пайдалы құрал. Банктердің бөлімшелері алыс-шалғай ауылдарда жоқ. Ауылдағы шаруалар несие алу мақсатында үлкен қалаларға келу үшін бүікл шаруашылығын тастап кете алмайды. Сол үшін микроқаржы ұйымдары мұндай кезде мобильді қызмет атқарады. Сондай-ақ, олардың талаптары да банктерге қарағанда жеңіл болып келеді. Міне, осындай факторларды ескере келе, оларды мүлдем жою идеясын қолдамаймын. Олар жақсы дамып жатса, банк дәрежесіне дейін өсуі де мүмкін. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы бизнесті несиелендіруде осы шағын қаржы ұйымдарын оператор ретінде бекітуге басым көңіл бөлінсе тиімді болар еді. Ал тұтынушылық жағынан шектеу болғаны дұрыс», - дейді Мақсат Халық.
Енді осы жылы Агенттік кепілсіз тұтынушылық кредит беруді реттеу бойынша қосымша жүйелі шаралар әзірлейтін болады.

«Біріншіден, борыш жүктемесін шектеу үшін банктердің жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мәнін қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіледі. Тұтынушылық кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің төрелігін жою үшін микроқаржы ұйымдарының тұтынушылық микрокредиттері бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелерін реттеу қосымша қатаңдатылады. Екіншіден, күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық қарыздар мен микрокредиттер беруге шектеулер енгізіледі. Бұл шара төлем жасауға қабілетсіз қарыз алушыларға жаңа кредиттер беруді және борыш жүктемесінің өсуін шектейді», - деді Агенттік Төрағасы.
Бұдан бөлек, коллекторлардың жұмысына  қатысты заңнамалық талапты енгізу жоспарлануда. Нақтыраұқ айтқанда, коллекторлық қызметті реттеуді қатаңдату үшін нарық субъектілеріне әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін 2 есе (300 айлық есептік көрсеткіштен 600 айлық есептік көрсеткішке дейін) арттыруды, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер қызметкерлерінің дербес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігін енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді. 2022 жылғы қарашада Үкіметке тиісті түзетулер енгізілді және қазір олар бойынша белгіленген тәртіппен келісу рәсімдері жүргізілуде.

«Шынын айту керек коллекторлар өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып жатқан жоқ. Бүгінге дейін олар заңдастырылған мафия сияқты жұмыс жасап жүр. Азаматтарға қысым жасап, қоңырау шалып дегендей. Негізі заңды да өздері бұзып отырған коллекторлық ұйымдар бар. Сондықтан да меніңше, осы коллекторлардың ісін реттеу бойынша заңның орындалуы осал болып тұр. Сол үшін олардың да жұмысын реттеу, қадағалау процесстерін күшейту керек деп ойлаймын. Десе де бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды. Олардың ішінде де шын мәнінде қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға қолдау көрсетіп жүрген ұйымдар да бар. Міне, сондай мекемелердің санын көбейту керек», - деп қорытындылады Мақсат Халық.
Айжан ЖАНАТҚЫЗЫ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста