Түркістан облысындағы ауыл халқы балаларын 40 шақырымдағы ауруханаға тасуға мәжбүр

Түркістан облысындағы ауыл халқы балаларын 40 шақырымдағы ауруханаға тасуға мәжбүр

Түркістан облысында алты мыңға жуық тұрғыны бар Састөбе кентінде балаларды емдету мұңға айналды. Мұндағы аурухананың балалар бөлімі жабылған. Енді тұрғындар ем-дом алу үшін аудан орталығына баруға мәжбүр. Жете алмағаны үйде өз бетінше емделіп жатқандарын айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 
Зүлфира Қосалиева бірінен соң бірі салқын тиіп, төсек тартып жатқан немерелері үшін алаңдайды. Өйткені қақаған қыста қырық шақырым жердегі орталық ауруханаға сабылып, қаржысы жол шығынына кетіп жатыр. Сондықтан ауырып жатқан балаларын амалсыз үйде қарап отыр. 

 «Қазір ауырып жатқан балалар көп үйде. Ешкім оларды ауданға апарып жатқан жоқ. Тек қана халықтық емдеуге көштік. Емханаға барамыз да назначение алып, үйде жатырмыз бәріміз. Бұл жерге неше ауыл қаралып отырғанан кейін аурухана осы жерде қалғанын қалаймыз», - дейді Састөбе кентінің тұрғыны Зүлфира Қосалиева.
Састөбе кентіндегі екі қабатты аурухана 1962 жылы пайдалануға берілген. Жалғыз емдеу орталығы болған соң көрші ауылдың тұрғындары да осында келеді. Балалар бөлімінің жабылуы заманауи медициналық кешенді армандап жүрген халық үшін ауыр тиді. 

 «Қазір балалар бөлімін жауып тастады. Жаппаймыз деп сөз берген. Біз қазір басшыларға сенбейміз. Мен келіп емделуім керек. Мен жатуым керек. Менің ауданға барып емделуіме қалтам көтермейді бара беруге. Бір больничныйға, бір қағазға бола қайта-қайта бара беруге. Ал мынау жаяу келе салатын жер», - дейді тағы бір тұрғын Жұмагүл Әбубәкірова.
Ал салаға жауаптылар аурухана бөлімі жабылмағанын тек төсек орын саны жетіден төртеуге қысқартылғанын мәлімдеді. Өйткені ауданда балалар арасында аурушаңдық көбейді. Сондықтан сапалы медициналық көмек көрсету үшін орталық аурухана бөлімін толықтырған. 

 «Бұл жерде 1 жасқа дейінгі балаларды және ауыр халдегі балаларды жатқызуға жағдай жасалмаған. Төсек-орынға байланысты штаттық бірлікте бір дәрігер көзделген. Ол бір дәрігер күнде тоғыздан алтыға дейін жұмыс істейді. Сенбі, жексенбі күні демалады. Түнде балалар, науқастар қараусыз қалғаннан кейін Састөбе балалар бөлімінен үш төсек алып, орталыққа тарттық», - деді Түлкібас аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тельман Әлиев.
 Қазіргі уақытта медициналық нысанға техникалық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Себебі өткен ғасырда салынған аурухананың тірек бағаналары тозуы мүмкін. Сала мамандарының айтуынша, нысан апатты деп танылса, жаңа орталықтың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленеді. Ал әкімдіктегілер қорытынды құжатты күтпей, жер телімін белгілеп қойдық, дейді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста