Түркия президенті Эрдоған елдегі жойқын зілзаладан кейін жоғары оқу орындары толықтай онлайн режимге көшетінін мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Диярбакыр провинциясында болып, жұртшылықпен кездесу кезінде Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган жоғары оқу орындары толықтай онлайн режимге көшетінін жеткізді. Оның айтуынша мемлекет балансындағы барлық жатақханаларға зілзаладан зардап шеккендер уақытша орналастырылады.
Сонымен қатар ол жер сілкінісінің зардаптарын жоюға барлық күштің жұмылдырғанын жеткізді.