Тараздағы ресейлік қыздың өлімі: полиция мән-жайды айтты

Полиция департаменті Тараздағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ресейлік қыздың өліміне қатысты түсінік берді, - деп хабарлайдыт Tengrinews.kz тілшісі.

"1995 жылы туған М.Ким шынымен, Ресей азаматы болған, Қазақстан аумағында ықтиярхатпен тұрған. Ол тәртіпсіздіктер кезінде қарулы адамдар атыс бастағанда оқ жарақатынан қайтыс болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

Аталған дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Mash Telegram-арнасы қызға жеті рет пышақ сұғылғаны, содан кейін оқ атылғанын хабарлаған еді. 

"Жарияланымдарда көрсетілген пышақ жарақаттары туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп сендірді департамент өкілдері.
Telegram-арнадағы ақпарат бойынша, қыз кафеде жұмыс істеген, ол жұмыстан шыққан кезде қылмыс жасалған. Оқиғаның жарияланған нұсқасына сәйкес, қалада тәртіпсіздіктер басталғанда қызметкерлер кафе иесінен оларға көлік жіберуін сұрайды, бірақ ол бас тартқан. Қыз мекемені өзі жабуға мәжбүр болады, сол кезде оған қарақшылар шабуыл жасайды. Алайда мекеме өкілдері кешке, қайғылы жағдай болған уақытта, қызметкерлерді үйлеріне көлікпен жеткізгенін мәлімдеп отыр. 

Ресей елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына қылмысты мұқият және жан-жақты тергеу қажет екені туралы сұрау жібергенін хабарлады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста