"Тамақ ішкен жоқпын, мүлде ұйықтамадым": Алматылық әйел күйеуін он адам ұстап, соққыға жығып алып кеткенін айтты

Алматы тұрғыны Ким Тимур Мақсұтұлын 9 қаңтарда автомат ұстаған адамдар үйіне баса көктеп кіріп, белгісіз бағытта алып кеткен. Екі күн өткен соң әйелі оны құқық қорғау органдары ұстағанын және оған үлкен айып тағылғанын білген. Сол күні Тимур бөлімшеде көзіне жас алып, өзін ұрып-соққанын, қинағанын айтқан. Тимурдың жұбайы Ләйлім Әбілдаева қазіргі жағдайлары туралы Stan.kz тілшісіне айтып берді. 

Ким Тимур және әйелі Ләйлім Әбілдаева, жеке архивтен

Оның сөзіне қарағанда, барлығы күйеуінің 5 қаңтарда митингке барғанынан басталған. Ким Тимур алаңға полицияға көмектесу үшін шыққан көрінеді. 

Жұбайының сөзінше, оған тағылған айып – қате, оны өзге біреумен шатастырып алған. 

“9 ақпанда сағат кешкі 7-де он адамнан тұратын топ үйге кіріп келді. Балаларымның көзінше күйеуімді соққыға алды”, – дейді ол есіне түсіріп.

Үш баласы да осы көріністің куәсі болған. 

“Мен де, балаларым да үлкен күйзеліске түстік. Содан соң күйеуімді белгісіз бағытта алып кетті. 
Полиция бөлімінде оның киімі жыртылған, қан болды. 

Үйді тексеру кезінде тергеушіден оның террористерге көмектескені үшін айыпталып жатқанын білдік. Одан бөлек, күйеуімді тағы үш адам нұсқап көрсетіпті. Бұл – мүмкін емес жағдай. Бәлкім, ол іздестіріліп жатқан адамға қатты ұқсайтын шығар”, – дейді алматылық әйел.

Бөлімшеде әйел күйеуінің жараланғанын көрген. 

“Біз өз кезегімізде адвокат жалдадық, бірақ қазір қорғаушысын күйеуімді көруге кіргізбей жатыр. Мен оның киімін ауыстырғанда денесі көгергенін, қолы сынғанын көрдім. Көз жасымызды ұстай алмадық”, – дейді Ләйлім Әбілдаева.

Бұған дейін 5 қаңтарда күйеуі мен ағасы митингте бір топ шабуылдаушыларға тап болып, олардан әрең қашып құтылған. Содан соң үйлеріне тарасқан. Ләйлім Әбілдаева одан кейін күйеуім қалаға шықпады деп отыр.

Ким Тимур отбасымен, жеке архивтен

Оның айтуынша, 5 қаңтарда митинг кезінде жұбайы мен оның ағасы Nissan Murano маркалы автокөлігінде әскерилерге, полиция қызметкерлеріне көмектесу үшін алаңға шыққан. Оның алдында бір күн бұрын Ләйлімнің бұрынғы полиция қызметкері болып келетін ағасы полиция қызметкерлеріне көмектескен екен.

“Митингшілер полицияны соққыға алғанда ағам оларға қол ұшын берген. Сол үшін 5 қаңтарда күйеуім екеуі алаңға бет алды. ІІД маңынан өтіп бара жатқанда мемлекеттік нөмірі жоқ белгісіз көлік жолдарын кесіп, тоқтаған. Оның ішінен 4-5 адам шығып, күйеуім мен ағама жабылып, көліктен шығарған. Бейбіт тұрғындар екеніне көзі жеткен соң оларды жіберген. Осыдан соң күйеуім ағамды үйге апарып тастап, өз өзіне қайтты. Одан кейін ешқайда шықпады”,  – дейді жұбайы. 

Ләйлімнің айтуы бойынша, Тимур ҚР ҚК 255-бабы, 4-бөлігінде ("терроризм актісі") көзделген қылмысқа күдікті деп танылып отыр.

Ләйлім Әбілдаева үкіметке, құқық қорғау органдарына желіде жолдау жасады, көмек сұрады. 

“Күйеуме тағылған айыппен келіспеймін. Менің күйеуім өзге ұлтынан болса да, Қазақстанда туып өскен. Алматы қаласында он жыл бір жерде тұрып жатырмыз. Күйеуімді білетіндер, оның қандай адам екенін біледі. Халыққа көмектесемін деп еді, желкесінен шықты. Некедеге жылдар кезінде одан ешқандай агрессияға байқаған жоқпын.

Түнгі сағат 4-те ұйқы жоқ, күйеуіме қатысты айып алынбай, ол үйге келмейінше мен тынышталмаймын.Тамақ ішкен жоқпын, мүлде ұйықтамадым”, – дейді әйел.

Құқық қорғау органдарына қарсы ешқандай назым жоқ, дейді ол. Бірақ күйеуінің ісін жіті қадауғалауға алуды сұрайды.

Қазіргі уақытта Ләйлім Әбілдаева үкіметтен көмек сұрап отыр. Ал істің дамуына қатысты әзірге ақпарат жоқ.

Ким Тимурдың үш баласы: үлкен қызы 8 жаста, ұлы 6 жаста, ең кішісі 3 айлық сәби.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста