Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердегі жерлердің кімге тиесілі екенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
"Бізде аграрлық экономика, моноқала, обылс орталығы деген түсінік бар. Қазірдің өзінде миллион тұрғыны бар 3 қаламыз бар. Қазір маған қалалардың ішінде жер бер дейді. Ал мен шындықты айтайын: онда жер жоқ. Кезінде билікке отырған адамдар алып алған, енді отыр, не біреуге бермейді, не өздері мардымды пайданабайды. Қазір мен ол жерлердің бәрін мемлекетке қайтаруды талап етемін. Прокуратураға тапсырма беремін", - деген президент халық саны аз елдімекендердің жұмысын тоқтату керектігін айтты.
"Олардағы халықты моноқалаларға көшіру керек. Себебі ондай ауылдарды ұстаудың өзі тиімсіз. Сондай жерлердегі 1300 мектеп жабылған", - деді президент.
Мемлекет басшысы сондай-ақ елордадағы жерлердің біреудің иелігінде екенін жеткізді.
"Астанадағы жерлердің өзі біреудің иелігінде. Қайрат, айтсаңшы олардың кім екенін? Жерді алып, отыр. Мемлекетке бермейді, не сұмдық?", - деді президент.