Шымкенттегі хайуанаттар бағында сусиыр төлдеді. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, қамауда тұрған жануарлардың өмірге ұрпақ әкелуі – өте сирек кездесетін құбылыс. 23 жастағы «Ламбада» бар жоғы төрт рет төлдеген екен. Оның біреуі ғана тірі қалыпты. Сиыр сияқты бұл жануарлар да 9 ай, 9 күн көтереді. Салмағы тоннадан асатын жануар судың ішінде төлдейді және бұзауын сол жерде ауыздандырады. «Сусиырдың сүті тартылып қалмау үшін көк шөпке қосымша витаминдер мен тәттілер қосып беріп жатырмыз», - дейді зообақ қызметкерлері. Латифша Алиев, «Шымкент зообағы» МҚК басшысының орынбасары: - Жағдайы жақсы, оны ешкім мазаламайды. Тек күтушісі ғана қарап, кіріп шығады. Әлі ат қойған жоқпыз. Одан кейін 10-15 күннен кейін ғана ат қоямыз. Сосын келушілер де көре алады.