Шығыс Қазақстан облысындағы Медвека ауылының 65 жастағы тұрғынын аю жарып өлтірді, — деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, 19 тамызда Медведка ауылының 65 жастағы тұрғыны ауылдан 10-15 шақырым қашықтықтағы орманға жидек теруге кеткен.
Дегенмен ол үйіне оралмады. Осыдан кейін туыстары тиісті органдарға хабар берген.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аю өлген қонжығының кегін алу үшін адамға шабуылдаған болуы мүмкін.