Солтүстікте жайылым тапшы: шаруалар мал басын азайтып жатыр

Солтүстік Қазақстанда жайылымдық жер тапшы. Оған көптеген елдімекеннің ірігесіндегі жайылым жердің егіс алқабына берілуі себеп болып отыр. Жаңбырдың аздығы жығылғанға жұдырық болып тиді. Ылғалдың жоқтығынан шөбі қурап қалған ауылдардағы мал көтерем болып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРДЕГІ ШӨПТІҢ БӘРІ ҚУРАП ҚАЛҒАН

Солтүстік Қазақстанда жаз мезгілінде мал азығының тапшылығы – сирек құбылыс. Әлден төрт түлікке жем-шөп жеткізе алмай жатқан шаруа қыста не боларын білмей алаңдаулы. Тұрғындардың қатарында малын жаппай сатып жатқандар бар.

Жем-шөптен тарығып отырған елдімекендердің бірі – Қызылжар ауданындағы Березовка ауылы. Ауыл іргесіндегі жайылым жер егістік алқабына берілген. Зардабын қарапайым халық тартып отыр.

«Иелігімде 10 жылқы болды. Бағатын жер болмаған соң, 300 шақырым жерде тұратын құдама апарып тастадым. Ауылдың жан-жағынан диқандар жерді қопарып тастаған. Шөп шабатын жер жоқ. Ауылда 30 бас қана мал қалды. Оның өзі ұзаққа жетпес. Жұрт сойып тастайтын шығар. Күніне кемі 15 литр сүт беретін сиырдың желіні тартылды. Сиырдың сүті тілінде, азық болмаған соң, амал жоқ», - дейді Березовка ауылының тұрғыны Шарнияс Рустенов.

Ауылда жем-шөптің тапшылығынан төрт түлік азайып жатыр. Бірнеше жыл бұрын елдімекен тұрғындары өрісте 200-ден астам түлік жайса, биыл ол алты есе азайған.

Максим Ищук 200-ге жуық түтіні бар Березовка ауылына былтыр көшіп келген. Үлкен ферма ашып, мал басын көбейтуді көздепті. Бірақ жайылым жоқ болған соң, ол ойы жүзеге аспаған.

«Ауылдың бір жағында әскери полигон тұр, екінші жағында егістік алқабы. Бізді қысып тастаған. Мал бағатын жер жоқ. Мал арық, сүйегі көрініп тұр. Сойысқа да жарамайды. Кәсіп бастау үшін несие алғым келген. Енді одан айнып қалдым. Ертең шаш етектен шығынға бататын түрім бар», - дейді ол.
Ауылда шамамен 500 гектар жер тапшы. Шенеуніктер бұл мәселеден хабардар. Олардың жайылым жетіспеушілігіне қатысты өз уәжі бар.

 «Шаруашылықтардың көбі жерді конкурс арқылы алған. Кейбіреуі осы уақытқа дейін пайдаланылмай жатты. Енді диқандар оны шұғыл түрде игере бастады. Осыған байланысты жайылымдық жер азайып қалды», - дейді Қызылжар ауданы Рощинск ауылдық округінің бас маманы Бибігүл Мусина.
Әкімдік өкілдері мал жаю мақсатында әскери полигонмен келісуді де көздеп отыр. Биыл құзырлы орындар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан 77 мың гектар алқапты қайтарып алып, тұрғындар игілігіне берген.

«Біз Қызылжар ауданының әкімдігіне жайылымдық жерлерді кеңейту туралы тапсырма бердік. Биыл 20 мың гектарға ұлғайту жоспарда бар. Березовка ауылы да соның құрамында. Жеке шаруашылықтарға берілген жерлерді қарапайым тұрғындардың пайдалануына жағдай жасау үшін меморандумдар жасалып жатыр. Бұл бағытта жұмыс жалғаса береді», - дейді СҚО жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Жалғас Сүлейменов.

ҚЫСТАН ҚЫСЫЛҒАН ШАРУА ЖАЗДА ЖАЗЫЛМАДЫ

Бұл тек осы ауылға қатысты проблема емес. Көп елді мекенде төрт түлікті еркін өргізетін шөбі шүйгін жер жоқ. Сондай ауылдардың бірі Жамбыл ауданындағы Сәбит ауылы. Елдімекен тұрғындарының дені мал бағып күнелтіп отыр. Ауылда мектептен басқа жұмыс орны болмағандықтан, халық төрт түлікті көбейткен. Қыстан қысылып шыққан шаруа жазда да жазылмады.

«Ауылдың екі жағында егіс алқабы. Үшінші шеті жол болса, төртіншісі орман. Малды ағаштың ішімен айтауға болмайды. Орманшылар айыппұл салады. Былтыр бірнеше адам солай жазаланған еді. Малды тұрғындар кезектесіп бағады. Төрт түліктің барлығы арық. Түріне қарап аяйсың. Қолдан келер амал жоқ. Басқа жер жоқ сияқты, егінді ел іргесіне салады. Халықтың жағдайын ойлап жатқан ешкім жоқ», - дейді ауыл тұрғыны Қаншайым Кәкелеева.
Ауыл шетіне егін салған серіктестік талап бойынша ені 100 метірлік мал айдайтын жолақ қалдыруы тиіс. Бірақ олай болмаған. Ауыл шетінде жүрген төлдің тұяғы егінге тисе, иесі жазаланады –  айыппұл салынады.

«Сәбит ауылының шекарасы 1992 жылдан бері өзгертілген жоқ. Мал басына шаққанда жайылым жеткілікті болатын. Бүгінгі күні норматив өзгерді. Бұрын бір бас малға  2,7 га жер қазет болса, қазір  – 4,7 га. Сондықтан 249 гектар жер тапшылығы туындады. 2013 жылы мақсатсыз жатқан 250 гектар осы ауылға берілді. Ол жерді малды айдауға немесе шөп шабуға пайдалануға болады. Жайылым тапшылығы мәселесін шешу үшін серіктестікерден алып, халыққа беруге болар еді. Алайда Сәбит ауылының маңында бос жатқан жер жоқ. Біреудің құқығына қол сұғуға болмайды, мәжбүрлеп тартып ала алмаймыз», - дейді Жамбыл аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Петр Петров.
Қазақстан жер көлемі бойынша әлем мемлекеттері арасында 9-шы орында тұр. Елімізде басты бағыттардың бірі саналатын мал шаруашылығын жүргізу үшін жайылым тапшы. Парадокс.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста