Шығыс Қазақстан облысында Абайдың "Жидебей Бөрілі" музейінде қазақтың ұлы ақыны әрі философ Шәкәрім Құдайбердіұлының сүйегі жеткізілген шабадан жұртшылық алдына шығарылды, - деп хабарлайды Устинка LIVE.
Музей директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, шабадан музейге 2017 жылы жеткізілген, бірақ ол тек бүгін ғана көрермен алдына шығарылып отыр, оған себеп - сарапшылардың экспонатты көп уақыт зерттеуі.
Оның айтуынша, Ахат Құдайбердиев әкесі Шәкәрімнің 30 жылдай құдықта қалып қойған мүрдесін Бақсаннан Жидебайға дәл осы шабаданмен жеткізген деп сеніммен айтуға болады. 1961 жылы Ахат Шәкәрімұлы осы шабаданды алып, Бақсанға жол тартқан.
Оның жүргізушісі болып жұмыс істеген Қабимолла Медеуов Ахатты осы шабаданымен Қарауылдағы Шағатай Ысқақовтың үйіне жеткізген. Музейдегілер шабаданның 1961 жылы жасалғанын, ал 2017 жылға дейін Доланбековтер әулетінде болып келгенін айтып отыр.