Ақтөбе облысында пиязды Ресейге тасымалдамақшы болған 2 ауыр жүк көлігі шекарадан қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысындағы «Жайсан» автомобиль өткізу пунктінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан пиязды тасымалдаған 2 ауыр жүк автокөлік құралының шекарадан шығуына жол берілмеді. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне тыйым салынғаны туралы хабарланды.
Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқа облыстарында сату туралы мәселе шешілуде.