Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды
Ресейден 205 қорап темекіні заңсыз әкеле жатқан шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.
17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы тізгіндеген жүк көлігін тоқтатқан.
Оны тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаты жоқ 205 қораптағы темекіні анықтады.
Тәркіленген тауардың құны алдын ала есеп бойынша 50 млн теңгеден асады.
Заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу