Ресей төрінде қазақ экслибрисінің көрмесі өтеді

Қазақ экслибрисінің көрмесі 8 қараша күні Мәскеудегі экслибрис мұра­жайында ашылады.Ресей төрінде бірінші рет болайын деп тұрған көрмеге ерлі-зайыпты суретшілер Әнуар Өтеген мен Мәрзия Жақсығаринаның 520 экслибрис туындылары қойылады. Және атап өтерлігі, олардың бұл туындыларын әрі қарай көрме­лер­ге тұрақты түрде шығарып тұру үшін мұражай қорына сұраған.
Әнуар Өтеген тана мен Мәрзия Жақсы­ға­рина – 1970 жылдан бері Қазақстанда экслибрис өнерін насихаттап жүрген таны­мал, бірегей талант иелері. Чехия, Болга­рия сияқты елдерде жеке көрмелерін өткі­зіп, шетел экслибрисшілерін тамсандырып жүр. Соңғы 15 жылда экслибрис және гра­фи­ка бойынша өткен халықаралық жеті көрмені ұйымдастырған, Ақтөбені экслиб­рис астанасы атандырған танымал сурет­ші­лер­дің туындылары Мәскеу қаласында шыққан «Қазақстанның сурет өнері» деген журналында жарық көрген. Бұл – Қазақ­стан суретшілері туындыларының жинағы­нан құралған журнал. Сонымен бірге ақ­тө­белік екі суретші Қазақстан Суретшілер ода­ғының мерейтойлық медалін алды.
Мәрзия ЖАҚСЫҒАРИНА, ҚР Суретшілер одағының мүшесі:
– Бұл дербес көрмені Мәскеуде өткізу туралы ұсыныс алғалы көп бол­ды. Бірақ әкім­шілік қызметтен кеткен­нен кейін ғана қолым тиіп, соңғы үш айдың ішінде дайын­дық жұмыстарын жүргіздім. Жұбайым Әнуар Өтеген мен өзімнің экслибристерімді жинақтап, тізімі мен аннотациясын жазып, Мәс­кеуге жібердім. Қазақстан бойынша экслибрис өнерін суретші Кукурузадан кейін насихаттап жүрген жұбайым Әнуар Өтеген туралы мақала жаздым. Ол бүкіл әлемге тарайтын Ресейдің экс­либрис жур­налында басылды. Шы­ғармашылық ада­мы, оның ішінде суретші үшін өз туын­ды­сын көрермен үшін салады. Көр­мелерге сол үшін шығарады. Сөй­тіп, өз еңбегінің ба­ғаланғанын көреді. Бұл оның жаңа туындылар жасап шы­ғуы­на серпіліс береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста