Қызылжар қорықтары қамқорлыққа зәру

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қызылжардың табиғаты ешкімді де қызықтырмай қоймасы анық. Орманды алқаптарының тоқсан пайызына жуығын мың бұралған қайыңдар алады. Сондықтан да бұл өңір ақындардың аузында ақ қайыңдар өлкесі деп те аталады. Күн ысыған сайын осынау сұлу табиғатқа төнер қауіп те арта түсті. Жыл сайын жаз мезгілінде болатын алапат өрт облыс аумағындағы алты бірдей қорықты мекен ететін аң-құстарға кесірін тигізбей қоймайды.
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік маңызға ие төрт қорық бар. Олар: «Көкшетау» ұлттық табиғи паркі, Согров мемлекеттік табиғи қорығы, Смирнов мемлекеттік қорығы және Мамлют табиғи қорығы. Бұдан бөлек облыстық маңыздағы Ақжан және Ақсуат қорықтары бар. Бұл қорықтардың 57-72 пайыз аумағын орманды алқаптар алып жатыр. Ал қорғауға алынған аумақтың жалпы ауданы 600 мың гектарға жетіп жығылады.
Облыстағы ең ірі қорықтардың бірі – «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркі. Қорық 1996 жылы құрылған болатын, оның жалпы ауданы 182 100 гектар, 134 500 гектары Солтүстік Қазақстан облы­сына қарайды, қалғаны Ақмола облысының аума­ғында. Бұл қорықта «Қызыл кітапқа» енгізілген орман сусары, сұңқылдақ аққу, ақ құйрықты орлан, бүркіт, тырнаның бірнеше түрі, безгелдек, үкі сияқты аң-құс мекендейді.
Согров мемлекеттік қорығының аумағы 134 100 гектар. 1967 жылы құрылған. Бұл қорықта аңшылық­қа мүлдем тыйым салынған. Облыстағы ең ірі қорық – Смирнов мемлекеттік қорығы. Ол 240 000 гектар жерді алып жатыр. Бұл қос қорықта да сирек кезде­се­тін талай аң-құс мекендейді. Қызылжар қорықта­рының ішінде Мамлют қорығы ерекше маңызға ие. Мұнда арқаның табиғатына жат, Ресейдің тайгасына тән өсімдіктері бар орманды кездестіруге болады. Орманға емін-еркін кіре алмайсың. Себебі жері батпақты, салмағы ауыр затты бірден «жұтып» қояды.
Ғалымдардың уәжіне назар салсақ, миллиондаған жылдар бұрын жерді жапқан мұздар көшкенде бұл арал алып мұздықтардың итеруімен осы жерге дейін келген көрінеді. Жергілікті тұрғындар бұл жерді «Рям» деп атап кеткен. Мұнда еліміздің қызыл кітабына енген итбүлдірген және қазанақ өседі.
Қызылжар қорықтарында жалпы саны 300-ден астам омыртқалы жануарлар мекен етеді. Бұлардың 40-ы бұлан, елік, қабан, түлкі, ақ қоян бастаған сүт қорек­тілер, 210-ы құстар және тағы басқалар. Аң-құстарға табиғи апаттармен бірге адами факторлардың да өз әсерін тигізіп тұрған жайы бар. Браконьерлер бірінен кейін бірі ұсталып жатса да, заңсыз аңшы­лық жасауларын қояр емес. Соңғы жыл­дардағы ең ірі браконьерлік Мамлют қорығында тіркелді. Заңсыз аң аулаушылар 7 бірдей қабан мен елікті жайратып тастаған жерінен қолға түсті. Мемлекетке келтірілген залал 1 миллион 909 мың теңгеге бағаланып, екі браконьер де екі жылға бас бостандықтарынан айырылған болатын.
Ормандағы аң-құстың азайып кетуіне жиі болатын орман өрттерінің кесірі көп. Қызылжар өрттің көкесін осы көктемде көрді. Бір емес, бірнеше ауданның аума­ғын­да орман отқа оранды. Мысалы, Қызылжар ауданында 2,8 гектар, Шал ақын ауданында 12 гектар, «Көкшетау» ұлттық паркінің Қызылжарға қарасты 23 гектар аумағын жалын шарпыған еді. Облыс әкімі Серік Біләлов сақтық шара­ларын жасамағаны үшін Соколов және Сергеев мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларын орнынан алдыртып, Шал ақын және Қызылжар аудандарының әкімдері мен орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспек­циясының бастығына сөгіс берген болатын.
Облыстық табиғат қорлары және таби­ғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы, Айтолла Уәкішевтің ай­туын­ша, жаздың ыстық мерзіміне байланысты өрттің алдын алу шаралары күшейтілген екен. 2011 жылы облыстық бюджеттен бөлін­ген 80 миллион теңге қаржыға 7 УАЗ автокөлігі, 17 «Беларусь» тракторлары жә­не бір өрт сөндіру көлігі сатып алыныпты. Биыл да мемлекеттік орман мекемелеріне өртпен күресті күшейту үшін материалдық-техникалық базаны жаңартуға 50 миллион теңге бөлінген болатын. Бұл техникалар Қызылжардың сәніне айналған ақ қайыңдары отқа оранбауы үшін қызмет атқармақ.
Руслан СЕЙІТОВ, Солтүстік Қазақстан облысы  төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісі:
Алдағы күндері аптап ыстық болатыны жайлы хабар түсті. Дәл қазір барлық нысандарда жұмыс күшейген. Тұрғындар күннің сәулесі түспейтін көлеңкелі жерде болғандары абзал. Мұндай ыстық күндері орманды және шөпті алқаптарда өрт шығуы мүмкін. Біз бұл жағдайлардың бәрін ескеріп, сақтық шараларын жүргізіп жатырмыз.

Алайда жыл өткен сайын ғаламдық жылыну үрдісі күшейіп барады. Сол қорықтардың материалдық-техникалық базасының әлсіздігі немесе қуаттылығы бұл үдерісті тоқтата алмасы анық. Сондық­тан адамзатқа күннің ысуынан уақытша болса да қорғаныс бола алатын әдіс ойлап табу керек сияқты. Одан бөлек қолда бар табиғи байлықты сақтап қалу үшін, қа­уіп­сіздік шараларын бұзушылар мен бра­ко­ньерлерді жазалайтын заңды күшейту кезек күттірмес мәселе деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста