Қызылордада үшем дүниеге келді

Қызылорда облысында үшем дүниеге келді. Қазалы ауданына қарасты Ү.Түктібаев ауылының тұрғыны Әйгерім Махамбетжанова Айғант, Айғаным және Асылым есімді үш қызды өмірге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәрестелердің салмағы 1300-1700 граммды құраған. Ал бойлары 38-41 сантиметр аралығында болды.

 

Қуаныш Алтынбаев пен Әйгерім Махамбетжанованың бұдан бұрын бес перзенті бар болатын. Осылайша олар енді сегіз баланың ата-анасы атанды.

 

«Қыздарымның аман-есен дүниеге келуіне дәрігерлер қолайлы жағдай жасады. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына, облыстық «Ана мен бала» орталығының қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», - деді үшемнің әкесі.

 

Нәрестелер жедел жәрдем санитарлық автокөлігімен Қазалы ауданы Түктібаев ауылына жеткізілді.

 

Облыстық перинаталдық орталығында биыл жыл басынан 4505 нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 75 егіз, 2 үшем дүние есігін ашты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста