Қостанайда аймақтық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен облыс әкімінің кубогын сарапқа салған «Жайдарман» республикалық телевизиялық ойыны өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Іс-шара «Қостанай облысында Жайдарман лигасының мемлекеттік тілдегі қозғалысын қолдау және дамыту» жобасы аясында өткізілді. Онда Қазақстанның өзге өңірлері мен аудандарынан келген командалар қатысты. Олардың арасында Оралдан «Талант» және «Дежавью», Қостанай қаласынан «Дарын онлайн», «Қостанай құрамасы», ал Қостанай ауданынан «Қостомар», Рудный қаласынан «Рудный құрамасы», «Ақ пен Қара», «Сарыбай құрамасы», Ақтөбеден «Академия балмұздақтары», Өскеменнен «Швейцария», Арқалықтан «АйҚаз», Әулиекөл және Жангелдин аудандарыннан сәйкесінше «Бір үйдің балалары» мен «Болашақ Астана» командалары бар.