ҚазҰУ-да грант иегерлерінің қатары 3700-ге көбейді

Биыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бөлінген оқу гранттары саны бо­йын­ша еліміздің жоғары оқу орындары арасында тағы да көш бастады. Жаңа оқу жылында университет қабырғасында бакалав­риат, магистратура, PhD докторантура бағдар­ламалары бойынша 3,7 мыңнан астам жас білім алмақ.
Университетке түсушілер техникалық және экономи­калық мамандықтар, сонымен қатар гуманитарлық және ғылыми-жаратылыстану бағыттары саласында таңдау жасады. Осы себепті радиотехника, электроника және телекоммуникация, ақпараттық жүйелер, автоматтан­дыру және басқару, стандартизация, сертификация және метрология, биотехнология, аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқықтану, қаржы, есеп және аудит, эконо­ми­ка және халықаралық құқық мамандықтарына кон­курс жоғары болды. Осы жылы магистратура және док­то­рантура бағдарламалары бойынша оқимын деушілер санының аса жоғары екенін атап өткен жөн. Кейбір жеке мамандықтарға бір орынның өзіне үміткерлер саны 20-30-ға дейін жетті. Университет қабырғасында бірегей интеллектуалды және ғылыми әлеует шоғырланғаны баршаға мәлім. Студенттерге білім беру жолында оқыту­дың модульды технологиясы белсенді түрде енгізілуде. Бұл технология біліктілік тәсілі негізінде жұмыс берушілер талаптарына сәйкес жүргізіледі, сондай-ақ жоғары нәтижеге бағдарланған алдыңғы қатарлы басқару әдіс-тәсілдері, оқуды ағылшын тілінде жүргізу, жаңа бағдар­ла­малар мен мамандықтарды енгізу жұмыстары жүзеге асырылып отыр. Естеріңізде болса, QS Халықаралық рейтинг агенттігінің (Ұлыбритания) мәліметтеріне сай, 2011-2012 оқу жылында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жеке мамандықтар бойынша әлем­нің  алдыңғы қатарлы 200 жоғары оқу орнының тізіміне енген еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста