Қазақтың бесігі бос қалмай ма?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп баласыз үйдің жағдайын қа­зақтан артық суреттеген ешкім жоқ шығар. Сәбиді үйдің сәні деп білген ба­ла­жан халқымыз отбасын құрған соң ша­ңырақтан ең алдымен сәбидің үнінің ес­тілуін мақсат еткен. Әйтсе де бүгінде елі­міздегі әрбір бесінші отбасы бала сүйе ал­май отыр. Бұрын ата-бабаларымыз бе­деулік деген ауруды мүлдем естіп-біл­ме­ген болса, енді ел арасында бедеулік пен белсіздік белең алып барады. Ма­ман­дардың айтуынша, қазіргі таңда елімізде 400 мыңдай отбасы бала сүйе алмай жүр. Ең сұмдығы – жыл өткен сайын бедеулік пен белсіздікке шалдыққан отбасылардың жасарып бара жатқаны аңғарылады.
Мәселен, биылғы жылы елімізде қолдан ұрық­­тан­дыру бағдарламасы бойынша 700 отбасы бала сүю бақытына ие болмақ. Мемлекет осынша ша­ңырақты шаттыққа бөлеу үшін арнайы квота бөл­ген. Бұл квота, енгізілген ең алғашқы 2010 жылмен са­лыстырғанда, екі есе­ге жоғары. Мұндай екі есе­ле­нудің сырын ма­ман­дар соңғы уақытта жастар ара­сындағы бе­деу­ліктің дендеуімен түсіндіреді. Тара­тып айтар болсақ, елімізде жылына 160 мың жұп шаңырақ көтерсе, соның 20 мыңы бедеуліктің зар­дабын тартуға мәжбүр екен. Қорқыныштысы сол – бұл көрсеткіш жыл санап ұлғайып бара жат­қаны да аңғарылады. Егер бедеулік пен белсіздік ұлт болашағына балта шаппасын десек, мәселенің шешімін табу бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Егер алдағы уақытта аталмыш кесел­дер­мен күресті күшейте түспесек, еліміздің демо­гра­фия­сына ай­тар­лықтай нұқсан келуі әбден мүмкін. Осы орай­да елімізге денеден тыс ұрық­тандыру әді­сін алғаш алып келген эм­бриолог-ғалым Сал­та­нат Бер­ден­қызы: «Бедеу­лік­пен бел шешіп кү­ре­суде Израильден үй­ре­неріміз көп», – дейді.
Дәл қазіргі таңда әйелдердің бедеулігімен және ер­кектердің белсіздігімен күресте жеңіске жетіп келе жат­қан Израиль елі бұл мәселені шешудің түрлі жол­дарын қарастырған. Нәтиже­сінде Из­раильде бір жылда 25-ке жуық орта­лықта жасанды жолмен 30 мың сәби дүниеге ке­леді екен. Көз қуантатын цифр. Ал біздің елі­міз­де осы жыл­дар ішінде 7 мың­дай сәби де­неден тыс ұрық­­тандыру әдісі бойынша дү­ниеге келген. 
                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)
Бедеулік пен белсіздікке шал­дық­қан осын­ша отбасы бесік тер­бет­кен. Алайда әлі де болса қан­ша­ма отбасы бала сүйе алмай отыр. Жа­­сан­ды жолмен ұрықтандыруға мем­­лекет тарапынан жа­салып отыр­ған же­ңіл­діктерге тоқталар болсақ, 2010 жылдан бас­тап мемлекет 950 жұпқа меди­ци­налық кө­мек көрсеткен. Биыл тағы 700-дей отба­сы­на көмек көр­се­ту жоспарланған. Алайда ол кезекте әлі де болса 400 мыңдай сәби ор­нына үміт­терін әлдилеген отбасы тұр­ғанын ескерсек, мемлекеттің жа­сап отыр­ған көмегінің те­ңіз­ге тамған там­шы­­дай еке­ніне көз жет­кізуге болады. Тіпті осы­ның сал­дарынан ша­ңырағы ортасына тү­сіп жатқан жанұялар да жетерлік. Сон­дық­тан, мүмкіндігінше, бала сүйе алмай отыр­ған шаңырақтардың шайқалмауы үшін осы бағыттағы жұмыс­тардың оң ше­ші­­луіне ық­пал ету қоғам та­ла­бы болып отыр­­ғандай. Осы орайда ма­ман пікірін ес­керсек...
Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми директоры:
– Шынын айту керек, денеден тыс ұрық­­тандыру әдісін екінің бірінің қал­та­сы кө­тере бермейді. Сондықтан мем­ле­кет қол­даса, оны арзандатудың көп­те­ген тетігі бар. Әсіресе бүгінгі күнгі осы саладағы ең бір үлкен мәселе дә­рі­лердің қым­бат­тылығы болып отыр. Егер біз Израильде қол­данылатын гор­мон­дық арзан дәрілерді қол­дансақ, қа­зіргі кезде мемлекет тара­пынан бө­лі­ніп жатқан квоталардың өзін екі есе көп адамға сыйлар едік. Израиль мем­ле­кеті өз азаматтарына денеден тыс ұрық­тан­­дыру әдісін 100 пайыз алғашқы екі ба­­ласын туғанша тегін жасауға мүм­кін­дік жа­сап қойған. Бұған олар арзан дә­рі­лердің арқасында қол жеткізіп отыр.

Айта кетер жайт, бұл салада көбінесе ше­тел­дік дәрілер қолданылады. Егер со­лар­дың кейбіреуіне елімізде таратуға қо­йы­латын шектеулерді жеңілдетсек, ол дә­рі­лердің арзандауы еліміздегі денеден тыс ұрықтандыру әдісін арзандатуға ықпал етер еді. Қазіргі уақытта еліміздегі клини­ка­лар бұл бағытта қымбат дәрілерді қол­да­нады, соған сай ем-дом құны да артады. Ал егер дәрі-дәрмекке қойылған шек­теу­лер жеңілдетілсе, мемлекетке бала сүю мүм­кіндігі аз отбасыларға бөлінетін квота кө­лемін арттыруға жол ашылмақ. Қарап тұр­сақ, қиын шаруа да емес секілді. Бұл са­лада талай жылғы тәжірибесі бар Сал­танат Берденқызы еліміздегі ем-домның қым­бат болу себебін тиынына дейін есеп­теп, талдап та берді. Тек бұл салаға құзыр­лы орындардың көз қиығын салмауы ғана та­лай шаңырақтың бағын байлап тұр­ғандай.
– Бүгінде кешенді түрде ЭКО бағдар­ла­масы 250-285 мың теңге тұрса, оған егіле­тін дәрі 150-200 мың теңге көлемінде тұ­ра­ды. Шындығында, мұны арзандатудың жо­лы бар. Бірақ оны жасауға тиісті орын­дар құлықты емес. Израильде бір әйелді емдеп, ДТҰ әдісін жасау үшін шамамен 2-3 мың доллардай қаржы жұмсалады. Бізден ар­зан, өйт­кені оларда дәрі арзан. Сол ар­зан дәріні кезінде біз де қолдандық. Кейін ол дәрі елімізде жоқ болып кетті. Өйт­кені еліміздегі дәрі сатумен ай­на­лы­са­тын орындарға арзан дәрі сату тиімсіз бол­ған­­дықтан, оны жоқ қылып жіберді. Из­раиль­де қымбат дәріні әркім қалауына қа­рай сатып алады. Өйткені дәл сондай әсер ететін арзан дәрі де қолданыста бар. Ал бізде сол дәрінің тек қымбат түрі ғана сатылады. Ол бұрынғы пайдаланып жүр­ген дәрімізден үш есе қымбат, – дейді эмбриолог ғалым Салтанат Бай­қош­қарова.
Саланың ұңғыл-шұңғылын түсінетін маман бұл пікірін үлкен мінберлерде де ай­тып жүр. Бірақ оны естір құлақ болмай тұр. Сондай-ақ осы саланың қазанында қай­наған мамандардың уәжіне иек артсақ, арзан дәріні елімізге жеткізушілер «бәрібір ол дәрі қымбатқа түседі, өйткені оны жап­пай халықтың бәрі ала бермейді» деп әкел­мей отырған көрінеді. Олар үшін қым­бат дәріні сату көбірек пайда түсіретін кө­рі­н­еді. Бұл жерде дәрі сатушылар өздерінің бас пайдасын ойлап, арзан дәріні сатуға құ­лықсыздық танытып отыр. Егер сол дә­ріні сол бағасымен елімізде айналымға ен­гізе алсақ, еліміздегі ЭКО әдісі де ар­зан­дай түседі. Израильде бір қызмет ат­қа­ратын дәрінің қымбат түрі де, арзан түрі де дәріхана сөресінде еркін саудада. Ендеше, біз­дің елімізде де неге еркін айналымға енгізбеске?! Бедеулік пен белсіздік мәсе­лесіне мән беріп қарамай, оның мәсе­ле­сінің шешілуіне көз жұма қарасақ, келе­шек­те аталмыш дерттер ұлт қауіпсіздігіне, ұрпақтың өсуіне қауіп төндірмек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста