Қазақстанның «өкпесі» алқынып тұр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Орман байлығы – Жер ғаламшарының «өкпесі». Бұл – ешбір дәлелді қажет етпейтін айқын дүние. Ал қазақ даласының 4,5 пайызын ғана орман құрайтынын ескерсек, елдің «өкпесі» қандай деммен тыныс алып тұрғанын елестету қиын емес. Жасыл желекті арттырып, орманды алқаптарды дамыту үшін кім не істеп жатыр?
Рас, атқарылған іс аз емес, ал атқарылмағаны одан көп. Мұны, бәлкім, сәйкестік дерміз: жақында Астана әкімі жұртшылықпен кездесуінде: «Егер әлемде бір минуттың ішінде 11 гектар орман шабылып кетсе, бас қалада бір сағат­та бес ағаш отырғызылады», – деп мақтанышын жа­сы­ра алмаса, елорданың бір бұрышында «Туған жер» қо­ғам­дық бірлестігі мен бірқатар орманшы мамандар «өк­пеге» қатысты билікке орынды өкпе артып кетті.
Жоғарыда қазақ даласының маңдайына біткен желегін 4,5 пайыз дегенбіз, мұның өзі толық орманның ауқымын біл­діріп тұрған жоқ. Өйткені соның ішінде тек 1 пайызы ғана діңі биік орманды алқапты құрайды екен. Қалғаны бұ­таларды, сексеуіл секілділерді, тоғайлы даланың нуын біл­дірсе керек. Осынша азғантай орманды табиғаттың өрті бір түрткілесе, төтеншеден келген алапаттың бір жайпап өт­кенін көзімізбен көріп жүрміз. Солай бола тұра, адам қо­лымен шабылып, айнала оталып жатқан орманға жанымыз ашымай ма? Ендеше, орманды қорғаушылардың кешегі жанайқайы ешкімді де бейжай қалдырмауы шарт. Тоқтала кететін тағы бір жайт, 2004 жылы Қазақстан Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік орман қорларындағы қылқан жа­пы­рақты және сексеуіл ағаштарды кесуге тыйым салатын он­жылдық мораторий жарияланған болатын. Алайда қоғам арасында бірқатар орман шаруашылығын пай­да­ла­ну­шылар мен қарапайым кәсіп иелері бұл мораторийді мер­зімінен бұрын алып тастау қажеттігін көтеріп жүр. Кешегі орманшы мамандардың қарсылығы да осыған ті­ре­леді.
Ал мораторийдан құтылғысы келе­тін­дер­дің сылтауы да жеткілікті: жұртқа жұмыс керек, елдің табысын ағашты отау ар­қылы арттыра түсу керек. Мұндай мә­лім­демеге орманды қорғаушы тарап үзіл­ді-кесілді қарсы. Мораторийдің аяқталуына екі жылдың жүзі қалды. Лажы болса, олар одан сайын ұзартуды алға тартады.
«Шын мәнінде ағаш кесуге тыйым жа­сал­ған мораторийдің пайдасы зор. Елдің солтүстігі мен шығысындағы біршама ал­қап осының нәтижесінде айтарлықтай жай­қала бастады. Сонымен қатар мора­то­рийдің дұрыстығын әлемдік тәжірибелер де айғақтайды», – дейді орман маманы Тал­ғат Кертешев. Мәселен, оның айтуынша, 90-жылдары Қытайда осындай тыйым салу енгізіліп, онда мемлекет қарауындағы өңірлерде тіпті кез келген ағаштың түрін ша­буға тыйым салынған екен. Ол аз де­се­ңіз, темір тәртіппен жұртын түзеп үйренген Қытай мемлекетінің қоруындағы ағашты заңсыз кескен адамға өлім жазасына дейін үкім кесіп отырған. Құлаққа жағымсыздау естілгеніне қарамастан, әлгіндей қа­тал­дық­тың арқасында қол жеткен жетістік ке­ре­мет. Сөйтіп, бірнеше жылдың ішінде Қытай орман қорын әжептәуір еселеген. «Ал Қазақстанға келетін болсақ, біз мораторий енгізілгеннен кейін де бірқатар өңір­лерде мемлекет қарауындағы орман­ның жайқалып кетпегенін білеміз. Оның ішінде, орманды торуылдаушылар өзде­рі­нің жеке бас пайдасы үшін заңды айнала отырып, жас талды отаудың түрлі жолдарын табуда», – дейді орман шаруашылығының жанашыр маманы Талғат Кертешев. Оның айтуына қарағанда, мораторий арқылы қыл­қан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынғанына қарамастан, оларды кесудің түрлі жолдары табылып отыр. Мә­се­лен, орман шаруашылығында сани­тар­лық отаулар қарастырылған. Алайда бұл тәсілде ішінара ауру немесе қураған ағаш­тар­ды кесуге рұқсат берілген болса, осындай желеумен сау ағаштардың тұтас­тай алқабы оталғаны белгілі болған. «Мо­ра­торийға қарамастан, мұндай өрескел кемшіліктерге жол беретін болсақ, онда Қазақстанда орман мүлдем қалмайды», – дейді ол. Расында, мораторий арқасында елдің шығысындағы орман арасының бір тұсында бітіктік байқалса, енді бірінде орман бей-берекет оталып, селдірей бас­та­ған. Ресми мәліметтер бойынша тек Шы­ғыс Қазақстан облысының Риддер орман мекемесінде 2004-2008 жылдар ара­лы­ғын­дағы заңсыз әрекет орман шаруа­шы­лы­ғына 1,5 млрд теңге залал келтіріпті. Жиын­ды ұйымдастырушылар сел­діреген тұсты ғарыштан түсірген сурет­тер­мен қуаттап, проблемаға сау көзбен қарайтын кездің жеткенін алға тартады.
Қазақта «бір тал кессең, он тал ек», «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген қасиет шақыратын қанатты сөздер бар­шы­лық. Ендеше, бұл – әркімнің есінде жүретін, қоғам болып өре түрегелетін ортақ мәселе. Түптеп келгенде, қоғам арқау болмаса, билік те бұған илікпейтіні белгілі.
Талғат Кертешев, орман шаруа­шы­лы­ғы­ның маманы:
– Қазіргі таңда өңірлердегі орман шаруашылығының, мекемелерінің бар­лы­ғы облыстық әкімшіліктер қара­ма­ғы­на беріліп кетті. Сондықтан да кадр мә­селесін тұтастай тек әкімдер шешеді. Мен бір мәселені баса айтқым келеді: орман саласында ұзақ жылдар жұмыс істеген адамдардың барлығы – прин­цип­шілдер. Олардың көпшілігі орман шаруашылығы әкімдіктерге берілген соң, ол жүйеде жұмыс істеуден бас тарт­ты. Өйткені нағыз орманшы бол­ған­дықтан, олар ағашты кесуге еш рұқ­сат бермеген болатын. Кейіннен олар­дың орнына тәжірибесі аз, кеше ғана оқу бітірген мамандар келіп, жағ­дайды күрт нашарлатып жіберді. Ал Орман комитетінің облыстардағы инс­пек­циялары шаруашылықтарды тұтас­тай қадағалауға шамалары еш жет­пей­ді. Мұндай қадағалаусыздықтың сал­­­­д­арынан өңірлерде ормандар сани­т­ар­­лық отау сылтауымен шабылып жа­тыр. Сексеуілдің базарда көптеп са­ты­луы да соның себебінен.

Болат Мұқанов, Қазақ орман ша­руа­шы­лы­ғы ғылыми-зерттеу инсти­тутының ди­рек­торы:
– Біз бүгінгімен емес, болашақпен өмір сүруге тиіспіз. Осы мақсатты көз­деп, біз ұлттық орман саясаты туралы үлкен жобаны 2009 жылы академик Байзақовтың басшылығымен жасап шық­қан едік. Онда біздің елімізде ор­ман­ды ағаштың қатарын еселей түсу, ел­­ді көрікті, көгалды ету үшін 2020 жыл­ға дейін атқарылатын шаралар тап-тұй­нақтай жазылған еді. Қай өңірде кімнің не істеуі керектігі тұтастай қам­тыл­ды. Өкі­нішке қарай, осы құжат­тың қайда жат­қанын қазір ешкім біл­мей­ді. Осы­лай­ша ұлттық орман сая­са­тын тү­бе­г­ейлі өзгертуге бағытталған жо­баның тағ­дыры қалай болып кеткені бізге бей­мә­лім. Еліміздің ғана емес, халықаралық дең­гейдегі ірі ғалымдар ат­салысқан мұн­­дай жоба суырмада жатпауы, кері­сін­ше, шама келсе, қазір ат­қарылуы тиіс. Менің ойымша, бола­шақ ұрпақтың қа­мы үшін жасалған осы жо­ба біздің қо­ға­м­ымыз үшін аса қажет-ақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста