Қазақстанның мәңгі шикізат жеткізуші ел болғысы келмейді

Мансұр ХАМИТ (фото)

«Еліміздің жеке ел болып, Тәуелсіздік алған 20 жылдық мерейтойына бұдан да үлкен жетістіктермен бармақ». Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22- пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

«Жақында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелейтін болады. Біз бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу ұранымен алға басып келеміз. Осы аралықта ғаламдық дағдарыстан шыға отырып, халқымызға еліміздің гүлденуі мен әл-ауқатының артуына апаратын бұдан арғы дамудың айқын жолын көрсетеміз.

Өйткені тек осы жылдың өзінде ғана еліміз Оңтүстік Корея, Қытай, Италия, Франция, Түркия және Беларусь сынды елдермен жоғары деңгейдегі байланыстардың арқасында құны 25 млрд АҚШ долларынан астам бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісімге қол жеткіздік»,– деді Мемлекет басшысы.

Президент сондай-ақ шетелден инвестиция тарту және халықаралық ынтымақтастық мәселесінде 2009 жылы нағыз ірі табыстарға қол жеткізілді деп айтуға болады деп есептейтінін айтып өтті. Елбасының айтуынша, осы уағдаластықтар бойынша Қазақстан тарихындағы ірі өнеркәсіптік нысандардың құрылысы басталмақ.

«Олардың ішінде қуаты 2600 мегаваттық Балқаш жылу электр стансысы, Бейнеу-Бозой газ құбыры, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы атом өнеркәсіп стансысы үшін отын өндіретін, Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және битум зауыты құрылысы бар. Мен мұны Қазақстанның және оның экономикасының ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен мығымдылығына инвесторлар сенімінің айқын айғағы деп білемін. Оны жүзеге асыруға алдағы жылы кірісетін боламыз.

Алдын ала есеп бойынша аталмыш бағдарламалар елімізге тек 5 жылдың ішінде 7 трлн теңгеден астам қаржыны әкелмек. Бұл көрсеткіш біздің ІЖӨ-нің жартысынан астамы», – деді Президент. Мемлекет басшысы жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компанияларға оларды индустриалды жобаларға қатысуға заңмен мәжбүрлей алатынымызды ескертті. «Біз Қазақстанның байлықтарын игеруде жұмыс істеп жатқан барлық инвесторды индустрияландыру бағдарламасы бойынша тығыз ынтымақтасуға міндеттейтін заңдар қабылдаймыз.

Менің мәселелерді қысым көрсетумен емес, келісім арқылы шешуді қолдайтынымды білесіздер. Бүгін инвесторларға, соның ішінде отандық инвесторларға да нақты белгі беріп отырмын, біз экономиканы әртараптандыруға және шикізатты терең өңдеуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруды ұстанатындармен ғана жұмыс істейтін боламыз», – деді ол.

Сондай-ақ Елбасы осы бағытта құны 42 млрд АҚШ долларын құрайтын 83 ірі жоба белгіленгенін айтты. Бұл бағдарламаның бірқатары аталмыш кеңеске қатысып отырған шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асатын болады. «Біз Кеңес Одағы не патшалық Ресей заманындағыдай біржақты экономика болып қала алмаймыз. Біз мәңгі сіздерге шикізат жеткізуші ел бола алмаймыз.

Мұны мен сіздерге өте байыппен айтып отырмын және бұған түсіністік көзқарас танытқандарыңызды көргім келеді», – деді Н.Назарбаев. Президент қадап айтқан басты мәселе шетелдік алпауыттардың қаржысын отандық экономикаға тарту жайы болды. Елбасының ескертуінше, Қазақстан бұл жағынан да заңдық тұрғыдан есептесе алады. «Ең қиын жылдары мемлекет шетелдік инвесторларға көптеген активтерін аса тартымды шарттармен ұсынды. Бұл сіздердің барлығыңызға пайдалы болды. Ал қазір біздің сіздерден Қазақстанда тапқан ақшаларыңызды еліміздің экономикасына салуға шақыра алатын құқымыз бар», – деді мемлекет басшысы.

Кеңесте тағы бір жағымды жаңалық айтылды. Қазақстанның Ұлттық қорының активтері мен елдің алтын-валюта резервтері 52 млрд АҚШ долларына жеткен. «Біз өзіміздің резервтерімізді сақтап қана қоймай көбейте білдік. 2009 жылғы қарашаның 30-ындағы жағдай бойынша, Ұлттық қордың активтері және елдің алтын-валюта резервтері 52 млрд АҚШ долларын құрады», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Осылайша, елімізде қиын жағдайға қарамастан банк секторы тұрақтанып, жалпы халықтың салымдарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. «Біз бірде-бір банктің банкроттығына жол берген жоқпыз», – деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз жаңа жылды стратегиялық маңызы зор барлығы 170 жаңа инфрақұрылымдық нысандармен қарсы алғалы отырғанын атап өтті. «Жағдайдың күрделі жағдайда болғандығына қарамастан, елімізде құны 3 млрд АҚШ долларына тең 170 жаңа инфрақұрылымдық нысандар пайдалануға берілді.

Осы кәсіпорындарда 9 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды», – деген мемлекет басшысы осы кәсіпорындардың қатарында «Дженерал электрик» компаниясымен бірлесіп Астанада локомотив құрастыратын зауыты, Құмкөл кен орнындағы газ өңдейтін зауыттың, сондай-ақ Астана - Бурабай автобанының пайдалануға берілуіне маңыз берді.

Сондай-ақ Президент кеңес мүшелерін Қазақстанда ашылып отырған жаңа мүмкіндіктерді оң бағалауға шақырды. «Осы орайда өзара сенімге негізделген әріптестік қарым-қатынас қалыптасты және біз болашақта бұдан әрі жұмыс істеуге ниеттіміз. Алдымызда бірлескен табысты көптеген жобаларды жүзеге асыру күтіп тұрғанына сенімдімін»,  – деді Н.Назарбаев.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста