"Қызыл" аймаққа кірген өңірлерде шығарып салушылар мен күтіп алушылар теміржол вокзалдары мен әуежайларға кіре алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина жаңа қаулысы шықты.
"Жоғары қауіпті "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде шығарып салушылар мен қарсы алушылар үшін әуежай ғимараттарына кіруді шектеу. Қауіпті "қызыл" аймақта орналасқан өңірлерде теміржол вокзалдары ғимараттарына шығарып салуға және қарсы алуға рұқсат етілмеген", - делінген құжатта.
Бұл қаулы қол қойылған күнінен бастап, яғни 15 сәуірден бастап күшіне енеді