Қазақстандағы сәулет біліміне – 50 жыл

Биыл Қазақстанда сәулет білімінің негізі қаланғанына 50 жыл толып отыр. Республикамыздың сәулетшілер дайындайтын жоғары оқу орындарынан осы кезең ішінде білімді әрі білікті он мыңнан астам сәулетшілер шоғыры қаулап өсіп шықты. 

«Сәулет өнері – тасқа жазылған құдіретті музыка» деген екен немістің ақыны. Ғимараттарды салу, қалаларды жобалау өнері ретінде сәулет өнері үшін жарты ғасыр көп уақыт емес. 50 жыл ішінде ежелгі көшпенділер мәдениетінің елі Қазақстан өзінің меншікті сәулетші-мамандарының күшімен көркейе түсті. 
Сәулетшілер ордасы – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының бастауы тереңде жатыр. Білім көкжиегін бетке алған шәкірттерге сапалы дәріс беріп келе жатқан Сәулет-құрылыс академиясының тарихы 1961 жылы «Сәулет өнері» мамандығы бо­йын­ша студенттер қабылдаудан басталды. Сәулет мектебін қалыптастыруда Ленинград өнеркәсіптік құрылыс инженерлері институтында кәсіби сәулеткер білімін алып келген Төлеу Бәсеновтің еңбегі зор. 
1963 жылы құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық факультеттер ашылған болатын. Араға он жеті жыл салып 1980 жылы атаулы факультеттер ба­за­­сында Алматы сәулет-құрылыс институты шаңырақ көтерді (қазіргі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы – ҚазБСҚА). 
Содан бері бұл шаңырақтан білімді әрі білікті талапкерлер қанатын қатайтып, биікке самғады. Түлектеріміз табысына жұрт қуанатындай нағыз кәсіпкер болып шықты. 
Әр білім қайнарының алдына қояр басты мақсат-мүддесі болады ғой. Сәулет-құрылыс академиясының межелеген мұра­ты – жоғары білікті мамандар дайындау, студенттерді жоғары деңгейде білім нәрімен сусындату, қоғамнан өз орнын таба білетін жан-жақты, қарым-қабілетті, зияткер тұлға тәрбиелеп шығару.
Академияның білім беру саясатының бірі – студенттердің қабілетін тану, оны жетілдіруге қол ұшын созу. Айтылған мақсаттар рет-ретімен орындалу үстінде. Бұл орайда ҚазБСҚА-ның айы оңынан туып тұр. 2000 жылдан бастап ҚазБСҚА республикамызда кредиттік оқыту техно­логиясының бағытын ұстануда алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болды. 
Академия тұңғыш рет 2007 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында «Сәулет» мамандығы бойынша ЮНЕСКО-ХСО халықаралық аккредитациясынан өтті.
2011 жылдың шілде айындағы британдық Сәулетшілер одағы өкілдерінің қатысуымен келген комиссия ҚазБСҚА-да сәулетшілерді дайындау сапасының жоғары деңгейде екендігіне көзі жетті, біздің білім беру бағдарламамызды халықаралық аккредитацияға қайта ұсынды. 
Еліміздің экономикасын дамытуда құрылыс кешендерінің, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың бой көтеруі басты назарға алынып отырған мезетте Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы алға қойған мақсатына жетті. 
ҚазБСҚА – тек мемлекет сәулетін ғана емес, білім сәулетінің де аспанмен тілдескен күмбездерін соға береді. Ол үшін тек келешекке көреген көзбен, теңіздей телегей біліммен аттану керек. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай қарашаның 3-5-і аралығында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы Қазақстандағы сәулет білімінің 50 жылдық мерейтойын тойламақшы. 
Мерейтойың құтты болсын, сәулетшілер ордасы!
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста