Қазақстанда мыңнан астам ломбард жабылды

Елде мыңнан астам ломбард жұмысын тоқтатты. Тағы жүздегені жабылуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі олардың ісі сотта қаралып жатқанын айтты. Себебі, ломбард иелері жаңа талаптарды орындамай отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Осы орайда, ломбард иелерінің де өз уәжі бар. Қаржыдан қысылған жұртты ломбард құтқарады. Бірақ, аз алып, көп шығындалады. Сұлушаш Қалиева да қапалы. Талай алтыны текке кеткен. 

«Көп алтындарым қалды сол ломбардта. Неге десеңіз, ақша жетпейді», - дейді зейнеткер Сұлушаш Қалиева.

Алмақтың салмағы бар. Ломбардта тіптен ауыр. Қарыздың қайтарымы күн санап өседі. Үстемесі мың пайызға дейін жететін жайттар жиі болады. Алайда, көп асқанға бір тосқан. Олардың қызметіне талап күшейді. Бұдан былай ойларына келгенін емес, нақты бекітілген сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті. Биылдан бастап қаржы ұйымдары лицензиясыз жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ, кәсіпкердің кредиттік қоржынындағы қаржы енді 50 млн теңге емес, одан екі есе көп болуы шарт. Жандар Садықовқа бұларды орындау қиынға түскен. Сондықтан, ломбарды жабылды. 

«Ақша болған күннің өзінде банктегі қарызбен бірдей болу керек. Банк бас тартса, ломбард та ақша бермеу керек. Керісінше, банктен ала алмаған клиенттер келеді ғой бізге. Жалғастыру мүмкіндігін бергенде, егер ондай қатты қиындатпағанда заңдылықтарды әрі қарай жалғастыратын едік. Бүгінгі күні 60-80% ломбардтар жабылған шығар», - деген пікірде қала тұрғыны Жандар Садықов. 

Осындай 1100 ломбард мәжбүрлі түрде жабылды. Бұл сан артпаса, азаймайтын түрі бар. Себебі, сотта тағы 400-ге жуық іс қаралып жатыр. 

«Барлық заңбұзушылықтар негізінен қойылған талаптарды орындамағаны үшін тіркелді. Яғни, көбі міндетті тіркеуден өтпеген, минималды соманы көрсетпеді және мекеменің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады», - деді , Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма бастығы  Айдынбек Сандыбаев. 
Ал, ломбард иелерінің өз уәжі бар. Қатқан қағида жоқ. Ереже жиі өзгереді, - дейді. 

«Біздің салаға қатысты заңның тұрақсыздығы қызметті жүргізуге кедергі келтіреді. Талаптары ай сайын өзгереді. Бұл ломбардтардың жұмысын қайтадан бастауға мәжбүрлейді. Яғни, жаңа ережеге сай құжаттарды реттеп бола бергенде, екіншісі шығады. Оның үстіне тексерісті төпелетеді», -  Ұлттық ломбардтар лигасы қауымдастығының төрағасы Роберт Абзалилов.

Қазір тас лақтырсаң ломбардқа тиеді. Солардың 664-і ғана заңға сай жұмыс істеп отыр. Бірақ, қайткен күнде де олар өз пайдасын ойлайтыны анық. Сондықтан талап қатаңдаса да, қымбат пайызы қала беретін секілді.   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста