Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауы болжануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
2020 жылғы 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы белгілі болды.
Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын солтүстік-батыс антициклоны анықтайды.
"Оның келуімен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклон жырасының ықпалында болады, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын болып, қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі", - деп хабарлайды Қазгидромет.