Жалған кәсіпкерлік – Қазақстанда салық төлеуден басын алып қашудың әбден жетілген және бірден-бір жиі қолданылатын түрі. Жалған кәсіпкерлік коммерциялық құрылымдардың жалған шот-фактуралар мен басқа да бухгалтерлік құжаттарды тапсыру жолымен салық төлеуден құтылуды және мақсатты жұмыстардың желеуімен заңсыз несие алуды көздейді. Сондықтан жалған кәсіпкерлік қылмыстық-жазалау іс-әрекеті болып табылады, оған қатысты жауапкершілік ҚР ҚК 192-бабында қарастырылған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 449-бабының 1-тармағына сәйкес, жалған кәсіпкерлік бойынша соттың қаулысы барлығына – мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға және барлық азаматқа қатысты және ол республиканың барлық аумағында сөзсіз қолданылуы тиіс.
Соңғы жылдарда осындай қылмыстардың – заңсыз кәсіпкерлік пен жалған кәсіпкерліктің тұрақты өсуі байқалады. Мұндай жағдай көлеңкелі экономиканың өсуіне, қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру үшін бір күндік фирмаларды пайдаланушы ұйымдасқан қылмыстық топ құрумен, коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын ұрлау, басқа да қауіпті қылмыстар жасаумен айналысуға байланысты тереңдеп кеткен процестердің көрінуі болып табылады. Осындай үрдістер кәсіпкерлердің қол жеткізген нәтижесіне, олардың қаржы жүйесіне деген сенбеушілігін туғызуға және шамадан тыс салықтық ауыртпалықтарды алып жүру ықыласына психологиялық әсер етеді. Осыған байланысты экономиканы қылмыстық қол сұғушылықтан, криминалдық элементтерден қорғау мемлекет пен қоғамның аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда жыл сайын жалған кәсіпкерліктің жүздеген фактісі анықталады, біреулері жазаларын алып жатыр, басқалары оны күтуде.
Мынаны атап өту керек, жалған кәсіпкерліктен мемлекет қана емес, кәсіпкерлердің өздері де зардап шегеді.
Жекелеген жалған кәсіпкер өзінің барлық контрагентін салықтық ілмекке тартады, сөйтіп, соттың тиісті шешімінен кейін жалған кәсіпорындардың шот-фактуралары жалған деп есептеледі, ал кінәлілердің салдарынан бюджет алдындағы міндеттер орындаусыз қалады. Салық органдары жалған кәсіпорындардың контрагенттеріне қатысты олардан бұдан бұрын есепке жатқызылған ҚҚС сомаларын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдерден шығындарын алып тастау бойынша нақты шаралар қолданады.
Сондай-ақ мынаны атап өтуге тура келеді, салық төлеушінің жалған кәсіпорындармен өзара есеп айырысу бойынша заңбұзушылықтарды жоймау фактілері анықталған жағдайда, сондай-ақ басқа жеткізушіден шот-фактураны ауыстырса, салық органының тақырыптық тексеру жүргізуге, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бұйрығы негізінде тексеру мерзіміне кезектен тыс тексеру жүргізуіне, сондай-ақ материалды басшының қол қойған және мөр басқан уақытын (күнін) анықтау мақсатында қолтаңбасын тағайындап, техникалық сараптамадан өткізу үшін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жолдауға толық құқы бар. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жалған екендігі расталса, онда қылмыстық іс қозғалады.
Қорытындылай келе, салық органдары осындай заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік сияқты әлеуметтік-экономикалық қиянат жасаушылармен күресті одан әрі жалғастырып, күшейте беретінін атап өткім келеді.
Қазақстан Республикасындағы заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік
Последние статьи автора