Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісі «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап жазды.
Қазтелерадионың мәліметі бойынша 18 қаңтар, сағат 03:00 - 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүзеге асырылады», - деп хабарлады Қазтелерадио.