Қазақ тіліндегі «Аватар: су жолы» ғылыми-фантастикалық фильмі кассадан 71 млн теңге жинады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Голливуд кинофильмдері дубляжының 12 жылдық тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Фильмді 43 мыңнан астам көрермен тамашалаған.
Фильмді дыбыстауға 35 дубляж актері жұмыс істеді. Басты кейіпкер Джейк Саллиді Қобыланды Болат дауыстады, оның әйелі Нейтиридің дауысы Шахноза Қызыханова орындады. Дубляж процесіне балалар да қатысты.
2022 жылдың желтоқсанында қазақ тілі Голливуд фильмдерінің жеті негізгі тілінің ішінде екінші түркі тілі болды.