Қаржыны құмар ойынға жұмсаған: Шымкентте мектеп қызметкері 200-ден аса ноутбукты ломбардқа өткізіп жіберген

Шымкентте мектеп компьютерлерін жөндейтін маман құмар ойын үшін мектептегі 200-ден аса ноутбукты ломбардқа өткізіп жіберген. 28 жастағы Нұркен Жайынбаев бұл әрекеті үшін 7 жарым жылға сотталды, деп хабарлайды КТКарнасы. 

“Ол компютерлердің барлығын "Гарант" дүкеніне барып сатқан, сонымен қатар ломбардтарға өткізген. Ақшаның барлығын, өзінің айтуынша, букмекерлік кеңесеге өткізген, жұмсаған. Ойынқор азамат екен, кінәсін толық мойындады. Куәгерлерден жауап бар, өзінің жауаптары, жәбірленушінің өкілі бар, мектеп директоры”, – деп мәлімдеді Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов

Құмар ойынға құмартқан жігіт Асанбай Асқаров атындағы мектепке былтыр жұмысқа тұрыпты. Пандемия кезінде оқушылардың онлайн оқуына деп берілген ноутбуктарды сатып жіберген. "Мектеп мүлкін жөндеуім керек" деген желеумен оқушылардан алып қойған. Компютерлердің жетіспейтінін директор мектеп жабдығын түгендеу кезінде байқапты. Жалпы сомасы 35 миллион теңгеге бағаланған техникаларды сотталушы үш ай ішінде қайтарып беруге уәде берген.

“Әрине, ол мектепке бүгінгі таңда қажеттілік бар. Дегенмен де осы құқық бұзушы азамат сол мектептің, соттың алдында да толығымен дәл сондай ноутбуктер мен компютерлерді сатып аламын деп уәдесін беріп отыр. Осы бағыттағы жұмысты бақылап, жаңасын дәл сол үлгіде қабылдап аламыз деп отырмыз. Өзіміз дүкендерден көрдік, құнын, ол кездегі біздің алған бағамыз 145 мың теңгеден болған. Бүгінгі таңда сол компютерлеріміз 152-155 мың теңге”, – деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста