Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы
2022 жылғы 03 мамыр
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 3 мамыр
№ 885