Премьер-министрдің Шымкент шаһарына сапары: қала өзіне құйылған инвестицияларды ақтап жатыр ма?

ЮНЕСКО деңгейінде тарихы 2200 жылдан асатыны дәлелдеген Қазақстанның қиыр оңтүстігіндегі Шымкент қаласы соңғы жылдары рухани шаһардан бөлек, елдегі ірі инвестициялық, индустриалық, сауда-логистикалық хабқа айналып келеді, деп жазады Azattyq Ruhy.

 
Осыдан бес жыл бұрын, яғни, 2018 жылы Шымкент халқының саны 1 млн адамға жеткен кезде, қалалық мәслихат пен белсенділер оған республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру керек деген ұсыныс айтқан еді. Көп ұзамай, Қазақстанда үшінші мегаполис, яғни, Шымкент қаласы облыстан бөлініп, республикалық қала мәртебесіне ие болды. Содан бері қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған қоса 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Қала бюджеті 4 есе өсіп, өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артқан. Сондай-ақ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынған.

«КӘСІПКЕРЛЕР БІР ТЕҢГЕМІЗДІ 20 ТЕҢГЕМЕН ҚАЙТАРЫП ОТЫР»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шаһар жұртшылығымен кездескен кезде Шымкент қаласын Қазақстандағы төрт хаб-қаланың біріне айналдыру керек екенін және ол үшін жергілікті әкімдік пен Үкімет ең алдымен қаладағы өндірісті дамытып, индустриялық аймақтарды жетілдіру үшін Шымкенттің экономикасын әртараптандыру керек дегенді алға тартқан еді. Міне, осы тапсырманы орындау аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов өзінің осы жолғы жұмыс сапарында қаладағы индустриялық аймақтарды аралап, жаңа өндірістерді іске қосты. Қазір Шымкент қаласында бас-аяғы бес индустриялды аймақта 300-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Жергілікті биліктің мәліметіне сүйенсек, бұл кәсіпкерлер ішкі нарықпен қатар, өз өнімдерінің үштен бірін алыс-жақын шетелге экспорттайды.

Ал, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебектің айтуынша, осы бес индустриалды аймақты дамыту үшін бюджеттен 17 млрд теңге бөлінген.

«Осы бес экономикалық аймақтың тиімділігін зерттей келе бюджеттен олардың инфрақұрылымын қалыптастыруға 17 миллиард теңге қаржы салған болсақ, бүгінгі күні кәсіпкерлерден 49 миллиард теңге салық бюджетке кіріс ретінде түсті. Яғни, кәсіпкерлер біз салған 1 теңгені 20 теңге қылып қайтарып отыр», - дейді Береке Дүйсебек.  
Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарының аясында осы индустриалдық аймақтың біріне барып, жұмыс барысын өз көзімен көріп қайтты. Дәлірек айтсақ, премьер-министр «Стандарт» жекеменшік индустриялды аймағында орналасқан «Standard Steel KZ» компаниясының қалдықтарды қайта өңдеу арқылы түсті металдар консентратын өндіруге бағытталған кәсіпорынның жұмысымен танысты.

Жалпы, бұл жобаны, яғни, қалдықтарды қайта өңдейтін заутты «Саутс Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржыландырып, жүзеге асырып жатыр. Жобаның жалпы құны 13,3 миллиард теңге, өндірістің бірінші кезеңі былтыр іске қосылған болатын.  Ең бастысы, бұл жобаның тағы бір ұтымды тұсы – қаланың экономикасын ғана дамытып қоймай, экологиялық жағдайын да жақсартпақ. Бұған дейін ұзақ жылдар бойы экологиялық проблема туындатып келген Шымкент қорғасын зауытының өндірістік қалдықтары енді осы өндірістің арқасында қайта өңделіп, түсті металға арналған концентраттарға айналады. Бұл зауыттың бірінші кезеңіне 2,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бірінші кезеңнің аясында жылына 4 608 тонна мыс-күміс консентратын шығаратын өндіріс іске қосылған. Екінші кезеңнің инвестициялық құны 10,5 миллиард теңгені құрайды. Ол іске қосылғанда зауытта жылына 20 900 тонна мырыш оксиді өндірілетін болады.

Айта кетейік, бұл индустриялды аймақта жеке инвестордың есебінен инженерлік-инфрақұрылым жүргізіліп, өндірістік ғимараттар салынады. Өз кезінде шағын кәсіпорын орнын ашқысы келетін кәсіпкерлер осы аймақтан дайын ғимаратты жалға алады. Ал, «Іскер қала» бағдарламасы арқылы жалға алу құнының бір бөлігі субсидияланады. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге 50 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер ұсынылады.

«Бүгінде мемлекет өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауға баса назар аударып отыр. Бұл бағытта бірнеше ұлттық жобалар қабылданып, бүгінде нәтижелі орындалуда. Ал, Шымкент қаласындағы «Іскер қала» өңірлік бағдарламасындағы қолдау тетіктері кәсіпкерлер үшін тиімді. Ұлттық экономика министрлігі бұл тәжірибені зерттеп, бүкіл республикаға тарату мүмкіндігін қарастыруы тиіс», - деді үкімет басшысы индустриалдық аймақтағы кездесу кезінде.
Смайылов сонымен қатар, «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы QazAlpack зауытына да ат басын бұрды. Премьер-Министр ісін жаңадан бастаған кәсіпоронның бүгінгі әлеуетімен танысып, ұжыммен кездесті. Айта кетейік, Орта Азия бойынша баламасы жоқ бұл зауытта қазір 145 адам жұмыс істейді, кәсіпорын алюминий ыдыстар мен қақпақтар өндіріледі. Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 500 млн дана өнім шығаруға қауқарлы. Кәсіпорын басшылары өндірісті одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, жобаның жалпы құны – 23 млрд 400 млн теңге. Инвестицияның бір бөлігі кәсіпкерлердің жеке қаржысы болса, қалған қаржыны екінші деңгейлі банктен несиеге алған. Мемлекет тарапынан несиенің 15 пайыздық мөлшерлемесінің 9 пайызына субсидия беріледі. Оған қоса жергілікті әкімдік тарапынан дайын инфрақұрылымы бар жер учаскесі 10 жылға жалға беріліп отыр. Бұл кәсіпкерлердің пікірінше әрине мемлекет тарапынан жасалып жатқан зор көмек.

ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТТЕ БІРНЕШЕ ӨНДІРІСТІ ІСКЕ ҚОСТЫ

Естеріңізде болар, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының бас жоспары оның экономикалық әлеуетіне сай болу керек деген міндет жүктеген еді. Яғни, Мемлекет басшысының пайымынша, Шымкент кемінде іргелес жатқан елдердің ірі шаһарларымен бәсекеге сай, индустриясы мен әлеуметтік нысандары қатар дамыған қалаға айналуы керек.  

«Орталық Азиядағы ең ірі нарықтың бірі – Ташкент агломерациясы іргемізде тұр. Сондықтан Шымкент барлық салада бәсекеге қабілетті болуы керек. Осыны ескере отырып, қаланың бас жоспарын келесі жылдың ортасына дейін қайта қарауды тапсырамын», – деген болатын Президент.
Сондықтан, бұл жолғы жұмыс сапары кезінде премьер-министр Әлихан Смайылов осы міндетті орындауға зор септігін тинізетін, қаланың экономикалық айналымын одан сайын күшейтетін тағы бірнеше кәсіпорынды іске қосты.

Соның бірі -  Шымкентте шыны конструкцияларын өңдеу және өндіру зауыты. Ресми мәліметке сүйенсек, зауыттың қуаттылығы жылына 800 мың шаршы метр  шыны конструкциясын шығаруға жетеді. Ең бастысы, бұл жобаға  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілген болатын. Сондықтан, кәсіпорынға артылып отырған үміт те зор.

Зауыт басшысы Мұрат Мамытбековтің сөзіне сенсек, зауыт өнімді сапалы, нарыққа сай бағада және тапсырыстарды дер кезінде орындап отыра алады.

«Өнімнің 70 пайызын Қазақстан нарығына, қалған 30 пайызын шетелдік нарыққа, яғни, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан елдерінің нарығына сатамыз»,- дейді зауыт директоры.
Жалпы, зауыт заманауи еуропалық құрылғылармен жабдықталған, ал, шикізат шетелден емес, Қызылорда облысынан алынады. Зауыттың осы және өзге де басымдықтарымен танысқан Әлихан Смайылов өз сөзінде елімізде бәсекеге қабілетті өндірістердің саны жыл сайын ұлғайып келе жатқанын айтты.

«Мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсетеді, соның арқасында жаңа жұмыс орындары құрылып, азаматтарымыздың әл-ауқаты артып келеді. Жаңа зауыттың жалпы инвестициялық құны – 5,8 млрд теңге. Оны іске қосудың нәтижесінде 260-тан астам адам жұмыспен қамтылады. Жалпы оның қызметі өңірдің ғана емес, бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Баршаңызды кәсіпорынның ашылуымен құттықтаймын! Жұмыстарыңыз табысты болсын!», - деді зауыт ұжымымен кездесіп, кәсіпорын жұмысын бастап берген үкімет басшысы.
ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДАЙ ТҮСПЕК

Премьер-министрдің жұмыс сапары кезінде белгілі болғандай, жаңа терминал құрылысының 80 пайызы аяқталған. Алайда, үкімет басшысы жұмыс қарқынын бұдан да жеделдету керек екенін айтты. Өйткені, Смайыловтың пікірінше, жаңа терминал тек Шымкенттің әуе логистикасын ғана емес, тұтас Қазақстанның транзиттік әлеуетінің дамуына жаңаша серпін беретін жоба. Оның үстіне, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкенттің логистикалық дамуына тоқтала отырып, үкімет пен жергілікті билік алдынаа екі маңызды міндет қойған болатын: бірі - қаланың айналма жолын тұйықтайтын автожолды тезірек іске қосу болса, екіншісі  жаңа әуежай терминалының құрылысын аяқтау. Атап өткеніміздей, аумағы 40 мың шаршы метр терминалдың құрылысы қазір 80 пайызға аяқталған.

«Шымкент еліміздегі ең ірі үш қаланың бірі. Шығыс пен батыстың ортасында орналасқан транспорттық дәлізде тікелей рейстерге өте ыңғайлы жер. Елімізге маңыздылығын ескере отырып, тездетіп іске қосу керек. Ол үшін қажетті шараларды қолдану керек», - деді жұмыс сапары кезінде Әлихан Смайылов.
Жалпы, Шымкент қаласына жасаған сапарын қорытындылай отырып, үкімет басшысы Әлихан Смайылов президенттің шаһарды дамыту жөніндегі өзге де тапсырмалары, соның ішінде, жаңадан салынып жатқан оқушылар сарайының құрылысымен, өзге де әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандардың жұмысымен танысып, қаланың белсенді азаматтарымен кездесті. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста