Полигон аумағындағы жерлерді пайдалану қаншалықты тиімді?

Полигон аумағындағы жерлерді пайдалану қаншалықты тиімді?

Осы мәселе талайдан бері көтеріліп жүр. Алайда бір жақты шешім шығарылған жоқ әлі. Бір сөзбен айтқанда, «тартады аққу көкке, шаян кейіннің» кебін киіп тұрған жайы бар.

Ғалымдар не дейді?
Рас, Курчатовтағы Ұлттық ядро­лық орталықтың директоры Қайрат Қа­дыржановтың «Полигон аума­ғын­дағы жерді зерделедік. Ең бастысы: полигон  аумағына шаруашылық жұ­мыс­ты шексіз жүргізуге болады! Бұл тақырыпта ұзақ уақыт жұмыс істеп, өз идеямызды ұсындық – Семей по­ли­гонын 10 жыл ішінде 2-3 мың шар­шы километрге бөліп, шаруа­шы­лық айналымына айналдырамыз. По­лигон «өткен» болып қалады» деп бірнеше рет мәлімдеген болатын. Әлі де осы пікірде болар.
Полигон аумағындағы жерлерді пай­далануға беру жөніндегі бас­та­маның авторы кім екенін тап басып айта алмасақ та, неге екені белгісіз, Кур­чатовтағы Ұлттық ядролық орта­лық ғалымдарының бұл істе ерекше белсенділік танытып жүргені рас. Тіпті, полигон аумағында көкөніс өсіріп, оны жалпақ жұртқа жария ет­кені де есте.
Семей сынақ полигоны аума­ғын­дағы жерлерді халық ша­руа­шы­лы­ғы­ның пайдалануына беру жөніндегі бастаманың көтерілуіне полигонға іргелес жатқан Абай ауданының Саржал ауылының кейбір тұр­ғын­да­ры­ның пікірі де түрткі болған секілді. Ия, Саржал ауылының бірнеше тұр­ғы­ны бұдан бірнеше жыл бұрын Пар­ламентке хат жазған болатын. Бұл туралы Саржал ауылының тұр­ғыны Әйкен Әкімбеков былай дейді: «Ауылдың халқы осы мәселені сұрап хат жазған болатын. Өйткені бізде жер жоқ. Тұрған жеріміз – сол по­ли­гон жері. Сұрағанымыз – негізі Сар­жал­дың жері болған. Оны бізден алып кетсе, Саржал халқы тек ауыл­мен ғана қалып, жерсіз қаламыз. Ол жерде жылқы жайылатын еді. Сол жылқыға бола оны сұрап отырмыз. Бұл жерде отырғаннан кейін әйтеуір өмір сүру керек. Ол жерде зиян ше­ге­тіндей түк те жоқ, пайдалануға бо­лады, мал жайса, қаупі жоқ деп отыр».
Ұлттық ядролық орталықтың ди­рек­торы Қайрат Қадыржановтың Семей ядролық полигоны тер­ри­то­рия­сын ауыл шаруашылығына қай­та­руға болатынын сөз еткелі де біраз уақыт болды. Оның айтуынша, Се­мей полигон аймағының 95 пайызын ша­руаларға қолданысқа беруге болады. Ал қалған 5 пайыз жер ол тікелей ядролық сынақ жасалған жерлер.
Қайрат ҚАДЫРЖАНОВ, Ұлттық ядролық орталықтың директоры:
– Бұл территориялар жабық бо­луы тиіс. Ол 5 пайыз жерлерге мамандардан басқа адамдардың кір­мейтініне біз сенімді болуы­мыз керек.

Демек, Ұлттық ядролық орта­лық­тың зерттеулеріне сүйенсек, бүгін­де аталмыш полигон аймақтары 95 пайыз­ға залалсызданып болған. Оған инвестиция тартуға да, ол жер­лер­­ден шаруа қожалықтарын ашуға да бола­ды-мыс. Ал бұл шындығында солай ма? Бұл турасында кезінде халық қалаулысы Нұртай Саби­лья­нов: «Үкі­мет ауыл шаруашылығына қа­жет­ті жерді анықтап беруі керек. Мә­­селен, Абай ауданы Саржал ауы­лы төтенше ра­диациялық аймақ­қа жа­тады.
Бірақ осы ауылдың шаруа қожалықтары бұрынғы Семей ядролық полигонының жерлеріне жылқыларын жайып жүр. Осы­ған орай шаруа қожалықтарының бас­шы­ла­ры полигон жеріне шаруашылық мақ­сат­қа пайдалану үшін 100 мың гектар жерді бөліп беруді сұрап отыр», – деген-ді.
«Полигонның барлық жері тізеге дейін тұнып тұрған - плутония»
Байқағанымыз, осы саланың жілігін ша­ғып, майын ішкен ғалымдардың дені по­лигон жерлерін пайдалануға беру мә­се­лесіне түбегейлі қарсы. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталығының Ра­диа­ция­лық қауіпсіздік институтының бұрынғы ди­ректоры, 40 жылдан астам еңбек өтілі бар эколог әрі метеоролог, радиациялық қауіп­сіз­дік пен метеорология саласындағы білікті маман Лариса Птицкаяның сөзіне сенсек, плутония-240 изотоптары табиғи жолмен – 6 500, плутония-239 изо­топ­та­ры 21 000 жылдан кейін ыдырайды. Ал плу­тония-241 ыдыраған кезде жаңа альфа-сәулесі түзіледі: америций-241, оның төндіретін қаупі жыл сайын тек өседі! Егер плутонияның бір бөлігі адам орга­низ­міне түссе, сүйек тінінде – 80 жыл, бауырда 40 жыл өмір сүреді екен. Барлық тірі жа­су­ша­ларды өлтіріп, олардың табиғи қасиетін жойып, бұзуға әкеп соғады.
Лариса ПТИЦКАЯ, эколог, метеоролог, радиациялық қауіпсіздік пен метеорология саласының білікті маманы:
– Ондағы жерді қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес. Оны ойдағыдай жүргізу үшін бір мезгілде шамамен екі миллион гектар жердің үстіңгі қаба­ты­ның шамамен 25 сантиметрін сыпырып, жерге көміп тастау керек. Келесі ре­куль­тивация кезінде радиоактивтер басқа жерге ауысады, осылайша кете береді.

Ресей ғалымдарының бірқатары Семей полигонына қарасты жерді қандай да бол­масын шаруашылық мақсатында пай­да­ла­ну­ды мақұлдамайды. «Семей поли­го­нын­дағы сынақ» атты 3 томдық кітап шығарған академик Михайлов былай дейді: «Біз поли­гон­ға қарасты жерді шаруашылыққа пай­да­лануға беруді ешқашан ойлаған жоқпыз!».
Л.Птицкаяның пікіріне профессор, ғылым докторы, Томскідегі Ұлттық зерттеу политехникалық университетінің Геоэ­ко­ло­гия және геохимия  кафедрасының мең­ге­рушісі, РФ еңбек сіңірген ғалымы Леонид Рихванов толығымен қосылады. Ол Кур­ча­товтағы Ұлттық ядролық орталығының директоры Қайрат Қадыржановтың Семей полигонының тағдырына қатысты қазақ­стан­дық және ресейлік ғалымдар арасында толық пікірлестік туралы сөзін мүлдем жоқ­қа шығарады және полигонға қарасты жер­ді шаруашылық айналымына беруге түбе­гейлі қарсы.
Дәл осындай пікірді Семей қала­сын­да­ғы Радиациялық медицина және экология инс­титутының бұрынғы директоры (яд­ро­лық полигон жұмыс істеп тұрған кезде КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің құпия­ланған  № 4 Бруцеллезге қарсы диспансерін басқарған) Борис Гусев те қолдайды.
– «Полигонның барлық жері тізеге дейін тұнып тұрған плутония», – дейді ол. –  Бұл мәселені көтеру үшін кемінде тағы 50 жыл керек және ол да қажет болған жағдайда ғана болу керек. Халықтың өмірі мен денсаулығын қауіпсіздіктің нық кепі­лінсіз, тәуекелге тігуге болмайды, оған ешкімнің құқығы да жоқ.
Бұл мәселені бұдан бірнеше жыл бұрын Абай ауданы бойынша Парламент Мәжі­лі­сіне депутаттыққа сайланған Ержан Рахметов көтерген-ді. Халық қалаулысы депу­таттық сауалында Курчатовтағы Ұлт­тық ядролық орталығы ғалымдарының Семей сынақ полигонына қарасты жердің 95 пайызын халық шаруашылығының пай­далануына беру жөніндегі бастамасының рес­публика жұртшылығы, әсіресе, поли­гон­ға жақын өңірде тұратын халықтың наразылығын тудырып отырғанын айтып, бұл мәселе бойынша кешенді зерделеу жүр­гізу және ұсынымдар әзірлеу үшін құра­мына ғалымдарды, медицина қызмет­керлерін, экологтарды, Парламент де­пу­тат­тарын, жұртшылық және БАҚ өкілдерін, Семей қаласындағы радиациялық меди­цина және экология ғылыми-зерттеу инс­ти­туты мамандарын кіргізе отырып, кеңей­тілген Үкімет комиссиясын құруды сұраған бо­латын.

Түйінсөз
«Семей полигоны аумағындағы радиация қаупі әлі толығымен жойылған жоқ. Сондықтан бұл мәселеде асығыстыққа жол беруге болмайды». Білікті мамандар сөзінен түйгеніміз – осы. Ендігісін уақыт көрсете жатыр. Осы тұста Семей сынақ полигонына қатысты тағы бір мәні терең мәселеге тоқталмасқа болмайды. Жақында Шығыс Қазақстан облысының басшылығы «Семей ядролық сынақ полигоны туралы» заңды қайта қарап, заманға сай өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Парламентке ұсыныс жолдады. Осыған байланысты Семейдің бірқатар елді мекендерінде қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Рас, Семей сынақ полигоны маңындағы жұрттың шекесі шылқып отырғаны шамалы. Сондықтан қырық жыл қырғынның зардабын тартқан жұрт осы Заңның Парламентте қайта қаралып, сынақ азабын көрген өңір тұрғындарына ерекше мәртебе беруге қауқарлы және елдің мұңын ескеретін жаңа заңның қабылданарына сенеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста