Пандемия кезінде Алматыдағы 5 жұлдызды қонақ үйде кім той өткізбек болды?

Бұл хабарлама кеше шығып қазнетті әбден шулатты. "Алматыдағы 5 жұлдызды қонақ үйдің бірі 150 адамға той жасайды. Бас санитардың рұқсаты бар", деген құжатқа бүкіл ел елең етті. Әлеуметтік желілілер жарылып, бүкіл мессенджер шулады. Құжат рас болып шықты. Бас дәрігердің қолы да шындық. Бірақ ол тойға емес спортшылардың жиналысына беріліпті. Бірақ, "Тренинг санитарлық нормаларға сай өтсін", деген талап қойылған. Бұл қағаз қыркүйектің 30-ы берілген. Жарамдылығы жарты ай.

 
Осы екі апталық мерзімді "қымбат қонақ үй" басшылығы өз пайдаларына жаратқан көрінеді. Мейрамханада той өтіпті мыс. Бұл ақпаратты мониторингтік топ мүшелері растамады, бірақ теріске де шығармады. 

"Ғимаратта іс-шаралардың өткізіліп жатқандығын естігеніміз рас. Бірақ тексергенімізде ақпарат расталмады. Сондықтан біз оларға айыппұл салған жоқпыз. Ал бір реттік рұқсат қағазы негізінде тек "Қайрат" футбол клубының өкілдеріне берілген. Олар сол күні аталмыш мейрамханада жиналыс өткізбекші болған", - дейді қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Кенжегүл Қонысбек.  

Жағдайды толық білу мақсатында 5 жұлдызды қонақ-үйге бардық. Басшылары басында уақыт созды. Артынан, "жауап жазбаша беріледі", деді. Ақыры, телефон тұтқасын көтермей қойды.

Даулы құжатқа қатысты бас санитардың өзі әзірге ешқандай түсінік бермеді. Белгілісі, бұл рұқсат-қағаз әйгілі "Қайрат" футбол клубына берілген. Спортшылардың қонақ үйде тренинг өткізбек болғанына ел сенбейтін сияқты. Әлеуметтік желі пайдаланушылары, "Бұл мәселені әбден тергеу керек", деп жарыса жазып жатыр.

Еске салсақ, осыған дейін Бекшиннің 150 адамдық іс-шараға рұқсат бергені туралы жазған болатынбыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста