БҚО-да облыс прокурорының көмекшісі жер телімдерін заңсыз бөлуге қатысы бар деген күдікке ілінді. Халыққа қызмет көрсету орталығы Оралда прокуратура қызметкерінің анасының атына төрт жер телімін рәсімдеуге тырысқан кезде құжаттардың жалған екенін анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Уральская неделя басылымына сілтеме беріп.
 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы (ХҚКО) қызметкерлерінің арқасында анықталды. Оралдағы төрт жер телімін жеке меншік құқығын рәсімдеуге төрт өтініш алып, ХҚКО қызметкерлері қала әкімдігінің мұрағатымен тексеріс жүргізген. Атап айтқанда, София Тлеубаева есімді жеке тұлғаның ұсынған құжаттар пакеті күдік келтірген. Барлық төрт өтінімде, басқа құжаттармен қатар, қала әкімдігінің қаулылары келтірілген. Онда осы жер учаскелерін жеке меншікке беруе рұқсат берілген. Бұл ретте берілген құжаттарда жер учаскелері бір шаршы метр үшін 44 теңге болатын мөлшерлеме бойынша бағаланған, алайда Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен есептеу әдістемесі бойынша мөлшерлеме көлемі едәуір жоғары болған.
 
Орал қаласы әкімдігінің мұрағатымен құжаттарды салыстыру барысында қала әкімдігі қаулысының барлық ұсынылған көшірмелері жалған екені анықталды. Түпнұсқа құжаттарда қала әкімдігі өтініш берушіге жер учаскелерін жеке меншікке беруден бас тартады.
Анықталған фактілер туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне, БҚО прокурорына және БҚО Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлаған.
Қазіргі уақытта ХҚКО басшылығының осы өтініші бойынша қылмыстық тергеу басталған. Тергеуді облыс прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы жүргізеді. Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің ақпараты бойынша, редакцияға осы тергеу аясында қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері және облыс прокурорының көмекшісі Азамат Тілеубаев жауап алынғаны белгілі болды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі қылмыстық тергеу фактісін ресми түрде растады.
"Қылмыстық істі арнайы прокурорлар қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша ашты. Азаматтық тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Прокуратура қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекетке қатыстылығын тексереді. Қылмыс расталған жағдайда барлық кінәлілер заңда көзделген жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлайды БҚО прокуратурасының редакцияның сауалына берген ресми жауабында.