Қызылорда облысы Төретам ауылында автобус аялдамасында тұрған үш қызға оқ кездейсоқ тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
"Кеше ауылда бірнеше жас жігіт арасында жанжал шыққан. Олардың бірі аялдаманың артына жасырынды. Жанжалға қатысушылардың бірі мұны көріп, аялдаманы көздеп оқ атқан. Алайда күдіктінің оғы қашқан жігітке емес, 9-10 сыныптардың үш оқушысына тиді. Осы уақытта қыздар аялдамада автобус күтіп тұрған", - деді агенттік дереккөзі.
Полиция күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Қайсысы оқ атқаны туралы әлі хабарланған жоқ, бірақ қатысушылардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
"Полицейлер күдіктілерді ізін суытпай ұстады, - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаменті. - Қазір адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда".
Кеше, 15 желтоқсан кешкі сағат алтыға жуық Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам кентінде автобус аялдамасының жанында қару қолданылды. Жас жігіттер арасындағы жанжал кесірінен кәмелетке толмаған үш қыз жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұр.