Өгей әке-шешесінен таяқ жеген жетімдер үйіне қайта оралды

Алматы облысында өгей әке-шешесінен таяқ жеген жетім балалар үйіне қайта оралды. Осы оқиғадан кейін арнайы құрылған комиссия мүшелері ұл-қыздардың пікірін ескеріп, оларды қамқоршысында қалдыруды ұйғарған. Бұл туралы Azattyq Ruhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 
Асырап алған балаларына қол көтергені үшін ерлі-зайыптылар тек айыппұл арқаламақ.

«Мен ол жерде мектептің пікірін қарадым, село округ әкімдігінің де пікірін қарадым. Психологтың да пікірін қарадым. Барлығы Зура деген келіншектің отбасы туралы жаман пікір айтқан жоқ. Маған былай айтады. Ағай біз балалар үйіне барғымыз келмейді дейді. Себебі, мамамызды жақсы көреміз дейді. Бұл мәселені біз қатаң бақылауға аламыз деп өздерін ескерттік. Балаларды ұру емес, ұрысу болса, келесі жолы комиссия отырысын жасап, балаларды аламыз деп айттық», - дейді Іле ауданы әкімінің орынбасары Серікжан Ибраев.
Комиссия мүшелері Зура Өмірзақованың бес жыл бұрын күйеуінің кесірінен екі бірдей баласынан айырылғанын да ескердік деп отыр. Сол уақытта оның күйеуі өзін және ұлы мен қызын өртеп, барлығы ажал құшқан болатын. Комиссия төрағасы психолог пен осы балалар оқитын мектеп ұжымының да пікірін назарға алған.

Айта кетейік, екі күн бұрын қамқорлығына алған төрт баласын ұрып-соққан ата-ананың әрекетін көршілері видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған еді. Олардың айтуынша, араққа сылқия тойып алатын ерлі-зайыптылар үш ұл мен бір қызға күн көрсетпей үнемі тоқпақтайды. Балағаттап қара жұмысқа да жегеді екен. Алайда балаларды асырап алған ана көршілерінің сөзін теріске шығарды. Зура Өмірзақова сұғанақтығы бар 18 жасқа толған ұлына ғана дауыс шығарып, ара-тұра шапалақпен салып жіберемін деп ағынан жарылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста