ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 15 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, еліміздің бір өңірі ғана «жасыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Матрица бойынша:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары;
«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары;
«Жасыл» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 12 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 1 036 385 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 12 адам көз жұмды.