ҚР Конституциясының қабылданғанына 17 жыл толуына орай Астана қаласында мерекелік концерт өтеді. Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері мен өнер қайраткерлері, сондай-ақ қазақ эстрадасының жас таланттары өнер көрсетеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласында тамыздың 30-ы – Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Ата Заңымыздың қабылданғанына 17 жыл толуына арналған кеш «Қазақстан» орталық концерт залында сағат 17:00-де басталады. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттік бағдарлама Қазақстанның өткені мен қазіргі нақтылығын анықтайтын тарихи жолын көрсете отырып, жарқын болашағына бағыт жасайды. «Мұнда ел мерейінің асқақтауын тану, ел беделінің артуын қолдау идеясы бар», – дейді олар. Сонымен қатар ел намысын қорғап жүрген еліміздің толағайларына деген ризашылықты көрсету болып табылады. Салтанатты концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхамедқызы, Азамат Жалтыркөзов, Талғат Мұсабаев, республикалық конкурстардың лауреаты Нұркен Әшіров, халықаралық конкурстардың лауреаттары Бибігүл Жанұзақ, Айдос Жабағин, Мейір Байнешев, Әсем Сембина, Ерлан Жандарбай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, танымал эстрада орындаушылары Маржан Арапбаева, Руслан Ахметов және «Жұлдыздар фабрикасы» мен «Х-фактор» жобаларының қатысушылары өнер көрсетеді. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен хоры және Б.Байқадамов атындағы хор капелласы да қатысады.
Конституция күніне арналған үлкен концерт өтеді
Последние статьи автора