Қазақстанда жастардың электоралдық белсенділігі артып келеді. Сайлауға қатысатын жастар саны жоғары. Елордада жастардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі туралы талдамалық баяндама ұсынылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Құжат шетелдік және отандық тәжірибе негізінде дайындалған. «Бұл талдау - сайлауды жетілдіру жолындағы қадам», дейді ұйымдастырушылар.
«Мұның бәрі болашақта сайлау шынымен де біздің қоғамды өзгертудің демократиялық тетігі болып, айла-шарғы жасау немесе басқа мүдделерді пайдаланбас үшін жасалып отыр. Біз қазір өз құқықтарын білетін, осы құқықтарын жүзеге асыратын жастарды дайындасақ, ертеңгі күні сайлау қоғамымызды демократиялық жолмен дамытатын нақты тетік болмақ», - деді ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Боқанова.