Жалпы, 22 наурыз түнгі 00.00 мен 23 наурыз таңғы 6 арасында Нұр-Сұлтанға келген 13 халықаралық рейстің 1104 жолаушысы оқшауланған.
Қазір Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 32 адамның бірінің жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, науқастан пневмония анықталған. Қазір ол ауа жетпегендіктен, жасанды аппаратпен демалып жатыр.
Жалпы, 22 наурыз түнгі 00.00 мен 23 наурыз таңғы 6 арасында Нұр-Сұлтанға келген 13 халықаралық рейстің 1104 жолаушысы оқшауланған.
«Тоғыз рейспен келген 788 жолаушыдан коронавирусқа байланысты анализ алдынды. Барлығының анализі таза, вирус табылған жоқ», - деді басқарма басшысы.
Қазір Қазақстанда барлығы 62 адам Covid-19 дертіне шалдыққан. Нұр-Сұлтанда – 32, Алматыда – 26, Қарағандыда – екі, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1 адам.