Елімізде жас отбасылардың 17 процентіне бедеулік диагнозы қойылған

Елімізде жас отбасылардың 17 процентіне бедеулік диагнозы қойылған

Сәби сүюге зар болып жүрген жұбайлар қатары жыл санап артып келеді. Бедеуліктің белең алуы отбасының емес, тұтас ұлттың трагедиясы. Себебі, қазір әрбір алтыншы жанұя осындай дертке душар болған. Салдарынан ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткіші 20 пайызға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Астана арнасына сілтеме жасап.

 
Осыдан 10 жыл алдын 40-50 жастағы ерлі-зайыптыларға аталмыш диагноз қойылатын. Алайда, бүгінде бедеулік жасарған. Қазір небәрі 20-25 жастағы ерлі-зайыптыларға осы диагноз қойылады.

Ерлі-зайыптылар үйленген соң бір жыл ішінде табиғи жолмен бала сүймесе, олардың біреуінде бедеулік не белсіздік болуы мүмкін. Сондықтан уақыт созбай арнайы маманға қаралған жөн.

 Дәрігерлер бедеулікті екі түрге бөледі. Іштен туа бітті бедеулікке жатыр түтігінің бітелуі, жыныс мүшелерінің, жатырдың жетілмей тууы себеп. Екіншісі – сыртқы әсерден түрлі ауруға ұрынуы, саламатты өмір салтын ұстанбау бұл жүре пайда болған түрі. Аяқ, бел, кіндікті ашық ұстап жүріп суық тигізу, оны толық емдемеу күні ертең өкіндіреді.

Қазір елімізде жас отбасылардың 17 процентіне бедеулік диагнозы қойылған. Салдарынан ерлі-зайыптылардың ажырасу көрсеткіші 20 пайызға жетті. Бұл жағдай демографиямызға кері әсер етері даусыз.

 «Үміт әрқашан бар. Бедеулік нақты анықталса, себебіне қарай ем жасауға болады. Егер жатыр түтікшесінің бітелуі болса, жартылай, толық бітелу. Егер толық бітелген болса, экстракорпоралды ұрықтандыру жолдарына жүгінген дұрыс. Егер жартылай бітелген болса, арнайы операция арқылы жатыр түтікшесін кеңейтін 6 ай мерзім уақытында бақылап көруге болады», - дейді гинеколог Жазира Жүнісова.
Мамандардың айтуынша бедеулік дертіне шалдыққан келіншектерге психогендік фактор қатты әсер етеді. Салдарынан бала көтеру көрсеткішін адам өзі ақ тежеп тастайды.

 «Адам санасыз түрде «мен бала көтере алмаймын. Менде ақша жоқ. Немесе болашақта баламды асырай алмаймын, не жолдасыма сенбеймін» деген қорқыныштың әсерінен адамның бедеулікке алып келуі әбден мүмкін. Ең бірінші, демалысқа шығыңыз, телефонды барлығын өшіріңіз.жан-жақты байланыстан өзіңізді ажыратыңыз. Сол кезде адам толық демалып, толық өзін босаңсыта алады. Адам барлық уайым-қайғыдан арылу арқылы бедеуліктен де арылатын жағдай өте көп кездесіп жатады», - дейді психолог Анаркүл Ибрайымбекова.
 Бедеулік тек отбасылық мәселе ғана емес, ұлт болашағына әсер ететін әлеуметтік мәселе. Жылына эко жасатуға 7 000 квота бөлінгенімен, тіркеуде тұрған отбасылардың саны жыл санап артып келеді. Яғни, сұраныс әлдеқайда көп. Сондықтан дәрігердің қарауына жиі баруды қалыптастыру қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста