Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,78 теңгеге өсіп, 452,97 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де 65,54 теңге (+0,63) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 489,75 теңге, рубль бағамын 5,46 теңге деп белгіледі.
Айырбастау пунктерінде доллар 450-454 теңгеден, еуро 495-500 теңгеден, ресей рублі 5,45-5,7 теңгеден сатып алынып/сатылып жатыр