Дәурен Абаев жеке газеттерді қолдаудың жолын атады

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жеке газеттерді қолдау тетіктері қарастырылып жатқанын мәлім етті. Бұл туралы министр «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында Қызылорда облыстық «Сыр дидары» газетінің редакторы Сәкен Алдашбаевтың берген ұсынысына берген жауабында айтты.

«Жеке газеттердің жазылым мәселесі бар. Қазіргі жеке газеттердің тілшілерінің жағдайы нашар. Қазір мекемелер газетке жазылудан әбден мезі болған. Осының жүйесі жасалу керек сияқты. Мен белгілі бір мекемеде айлық алып, алты ай сайын 5-6 мың теңгені бөліп отырсам, ал сол мекемедегі басшымыз қай газетке жазылғанымызды білмесе... Себебі, мәселен менің мемлекеттік мекемеде еңбек ететін менің досымның үйінде әлгі досымның өзіне, әйеліне, әкесіне үш газет бірден келіп тұрады. Бұл мемлекеттік газеттерге деген халықтың басқаша көзқарасын қалыптастырады», - деген Сәкен Алдашбаев жеке газеттердің жағдайы туралы мәселе көтерді.

Бұл сұраққа берген жауабында Дәурен Абаев газеттерді күштеп жаздыруға өзі де қарсы екенін атап өтті.

«Жазылым жөнінде айтарым. Оған мен де қарсымын. Ол мәселе тек газеттің сапасы арқылы ғана шешілу керек. Бұл бір. Газеттің ішінде жазылған материалдардың сапасы жақсы болса, газетті адамдар өздері-ақ іздейді. Біздің тарапымыздан ондай газеттерге көмектесудің бір-ақ тәсілі бар - ол мүмкіндігінше мысалы салық мәселесін шешіп беру. Салық мәселесін шешетін болсақ, онда газет шығарылатын қағаздың бағасы да арзандайды. Соның арқасында Сіздер газетте журналистерге лайықты түрде ақша төлеп, газеттің сапасы өседі. Оны жақсы түсінуіңіз керек», - деді Дәурен Абаев.

Министр салық мәселесін шешіп беру арқылы жеке газеттерді қолдауға болатынын қайталап айтты.

«Оны қарастырып жатырмыз. Жылдың соңына дейін осының бәрін жариялауға дайын боламыз. Мынаны түсінулеріңіз керек: бұл менің ғана қолымда емес. Заңға өзгерістер енгізу керек. Бір заңға өзгеріс енгізу үшін 15-17 мемлекеттік органдардан өтуіміз керек. Бір мемлекеттік органнан мемлекетке қаржы түспей қала ма деген жағын қарастырады. Сондықтан, мәселенің осындай қыры көп. Мұны білмейді екен деп ойлап қалмаңыз. Бәрін біліп отырмыз, бір шешімін табамыз деген ойдамын», - деді Дәурен Абаев.

ҚазАқпарат

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста