Cаптағы сарбаз кісі өлтірді

Жуыр­­да Жамбыл облысын шулат­­қан қанды оқиға­ның басты кейіпкері қатар­дағы жа­­уын­­гер болып шықты. Қорғаныс министр­лігінің бір әскери бөлімінде келісім­шартпен қызмет ат­қарып жүрген 20 жастағы жауынгер әскери қарауылды тастап кетіп, адам өлтірген. Оқиға былайша өрбіген.
Т.Рысқұлов атындағы аудандық ішкі істер бөліміне Жаңатұрмыс ауылында жол-көлік оқиғасынан бір адамның қайтыс болғандығы жайлы жайсыз хабар түседі. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары ес-түссіз жатқан тағы бір адамды аудандық ауруханаға жөнелтеді. Қанды оқиғаның орын алуына түрткі болған ұялы телефон екен. Түнгі клубта көңіл көтеріп отырған төрт жігіт телефонға таласып төбелес шығарады. Мәселені көпшілік орнында емес, тасалау жерде шешпек болған олар автокөлікке мініп, Луговой бағытындағы жолға түседі. Жарты жолға барғанда, әскер қатарындағы сарбаз рульде отырған жігітке пышақ ұрып, дене жарақатын салады. Сол жер­де көлікті тоқтатып, екі жігітті әбден соқ­қының астына алады. Іздерін жасыру үшін жол-көлік оқиғасы болғанға ұқсас­тырып, көлікпен жерде жатқан екі жігіт­тің үстінен бірнеше рет басып өтеді. Луговой стансысынан алты шақырым жерде автокөлікті өртеп, іздерін жасырып кетеді. Алайда Т.Рұсқұлов аудандық ІІБ-нің учаскелік полиция инспекторларының тынымсыз еңбектерінің арқасында оқиға ізі суымай ашылды. Қазір жауынгердің қасындағы сыбайласы іздестірілу үстін­де.  Отан алдындағы борышын өтеп жүр­ген жас жігіттің әскери бөлімді тастап кет­кендігін командирлерінің білмегендігі түсініксіз. Тіпті оның сол күні кезекшілікті тастап кеткенін ешкім байқамаған да.
Роза Қалдыбекова, Жамбыл облыс­тық ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінің бастығы:
– Жамбыл облысында соңғы кезде кісі өлімі мен ауыр қылмыстар саны ар­тып отыр. Өз учаскесінде 10 жылдан ас­­там жұмыс атқарған инспекторлар өз аймақтарындағы барлық «қиын» адам­­дармен қарқынды жұмыс істеу­де. Өңірімізде кісі өлтіру мен ауыр қылмыс­тардың ашылуы 96 пайызды құрап отыр. Қатардағы жауынгердің кісі өліміне қа­тыс­ты болуын тез арада әшкерелеу де – учаскелік инспекторларының жемісті ең­бектерінің бірі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста