Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР ҚҚА баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағаев Маңғыстау облысындағы газ бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар.

"Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады", – делінген агенттік хабарламасында.

Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов “QazaqGaz” және "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниялардағы қызметінен кетті 

Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы және облыс прокуратурасы ұсынған екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.Тергеу жалғасуда. 

Айта кетейік, бұған дейін Жұмабай Қарағаев Энергетика вице-министрі қызметінен босатылған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста