Өткен жұмада Қарағандының – 250, Солтүстік Қазақстан облысының 450 гектар орманды даласы өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шілденің 20-сы күні Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының 700 гектарға жуық орманды даласы өртеніп кеткен. Атап айтқанда, 20 шілде күні Қарағанды облысы Осакаровка ауданында 125 гектар дала мен 1,7 гектар орманды алқап отқа оранған. Төтенше жағдай күндізгі сағат 16.00 шамасында тіркелгенімен, өрттің таралуы 21 шілде күні сағат 01.20-да тоқтатылып, 01.45-те толық сөндірілген. Өртті сөндіруге 46 маман мен 10 техника жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ дала өрті осы облысқа қарасты Ұлытау ауданында да болды. «Өрттің таралуы 2012 жылдың 20 шілдесінде сағат 10.15 шамасында тоқтатылып, сағат 15.00-де толығымен сөндірілді», – деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстарымен барлығы 62 өрт сөндіруші мен 15 техника айналысқан. Өрттің жалпы аумағы 100 гектарды құрады. Ал Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тіркелген тілсіз жау даланың 450 гектар аумағын шарпыған. Өрт жұма күні сағат 15.00-де басталып, 18.30-да толығымен сөндірілген. Өртті сөндіруге 33 маман мен 11 техника жұмылдырылды.
Бір күнде 700 гектар орман өртеніп кетті
Последние статьи автора