Белгілі альпинист қар көшкіні астында қалып, қаза тапты

Кіші Алматы тауындағы Мәншүк Мәметова шыңында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Эверестке аттанған тұңғыш қазақстандық экспедицияның мүшесі, әлемнің талай шыңын бағындырған тәжірибелі альпинист Сергей Лавров қайтыс болды. Шыңға өрмелеушіні қар көшкіні басып қалған.
Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, қазанның 20-сы күні Талғар ауданы аумағындағы Мәншүк Мәметова шыңы­на екі альпинист көтерілген. Олар: 1964 жылғы Сергей Лавров пен 1972 жылғы Михаил Гринин. Сағат 14.00 ша­масында шыңның жолында қар көшіп, көшкін С.Лав­ровты басып қалады. Гринин оның өлі денесін көш­кін арасынан тауып алды. Кеше сағат 06-лар шама­сында Төтенше жағдайлар министрлігінің Рес­публикалық жедел-құтқару жасағының жеке құрамы шың­ға көтеріліп, Лавровтың мәйітін жерге түсірді.
С.Лавров – ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Ерлігі үшін» медалінің иегері, ІІІ дәрежелі инструктор. Ол биік класты альпинизм бойынша республиканың екі мәрте чем­пионы, спорттың осы түрінен 2001 жылы өткен ТМД ашық біріншілігінің чемпионы. Лавров 1996-2008 жылдар аралығында қиын санаттағы 40-қа жуық шың бағытын бағындырған. «Әлемнің ең биік шың­дары» бағдарламасына қатысып, Эверест, Аконкагуа, Мак-Кинли, Килиманджаро, Эльбрус, Винсон бағытта­ры бойынша шеберлігін паш еткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста