Батыс Қазақстанда вахтамен жұмыс істейтін жалақысы аз еңбеккерлер ереуілге шықты

Батыс Қазақстан облысында Шынар кенішіндегі газ өңдеуші зауыт құрылысына тартылған "ҚазҚұрылысСервис" компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. 8 қарашада жергілікті мамандарға қарағанда шетелдік қызметкерлердің 15-20 есе көп жалақы алатындығына наразы 150-дей вахташы жұмысқа шықпай қалды, - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Ереуілге шығушылардың тек бір талабы бар: жалақыны өсіру. "Бізге разряд бойынша жалақы есептейді, беретін сыйақылары да аз. Біз басшылықты мұнда жалақымыз неге әртүрлі екенін түсіндіру үшін шақырып отырмыз. Жалақымыз 45 пен 75 мың теңге аралығында. Бұл өте аз ақша. Бізге жетпейді. Сондықтан біз бас қостық. Бәріміз де отбасымызды жеткілікті деңгейде асырап, баққымыз келеді", - дейді маман Бағдат Бисенов.

"Мұнда бәрі разрядқа бөлінеді, 3,4,5 деген разрядтар бар. Біз 3-4-разрядтағыларды беске көтерсе дейміз, сонда 100 мың теңге жалақы алар едік. Екі-үш ай бұрын жалақымызға үстемақы қосуға уәде берілген, біз оны әлі күтіп жүрміз. Басшылық келсін де осы мәселені шешіп берсін. Директор келді, бірақ ол ешқайсымыздың жалақымызды көтермейтінін және де бұл жер ұнамаса жұмыстан кете беріңдер дегенді айтты. Учаске бастығы да осыны меңзеді. Денсаулыққа келіп жатқан зиян үшін бізге ешкім пұл төлемейді, ал бұл арада үш алау лаулап тұр, біз күні-түні газбен тыныстаймыз", - дейді арматура ұстасы Алпамыс Орынбеков.

Жұмысшылардың айтуынша, жалақы бойынша олармен келіссөз әділ жасалмаған. Кейбіреуі, тіпті ол келісімшартқа қол қоймаған да екен, ал тағы біреулері ақ қағазға қол қойғанын айтады. "Міне, бізде үндіс жұмысшылар бар, олардан жалақың қанша деп сұрадық. Олар 1 миллион 200 мың теңге дейді, ал бізге болса тиын-тебен төленеді", - дейді бір ереуілші.

Ереуілдеушілерге Зеленов ауданы әкімінің орынбасарлары Аслан Досжанов пен Аманкелді Тоғызбаев, сонымен қатар осы ауданның прокуроры Закарья Саралиев келді. Олар жұмысшыларға өз талаптарын қағазға түсіруге кеңес берді. Өз кезегінде олар бұл мәселенің шешімін қарастыруға уәде етті.

Шенділер мен жұмысшылар кездесуінен соң "ҚазҚұрылысСервистің" Оралдағы филиалының директоры Рахметолла Алдамұратов вахтамен жұмыс істейтіндердің жалақысын ешкім өсірмейді деп мәлімдеді. "Бірақ олар өздері қол қойған келісімшартта көрсетілген жалақыларын алатын болады", - дейді жағдайды түсіндірген директор. Алдамұратов ереуілге шыққандарды жұмыстан қумайтындығын да айтты.

Дегенмен "Мой город" басылымының тілшілері жұмысшылар жалақысы өспейінше наразылық акциясын жалғастыра беруге ниетті екенін баса айтады.

"Уральская неделя" басылымы жұмысшылардың бұл бас көтеруі прокурорларға "ҚазҚұрылысСервис" компаниясын тексеруге негіз берген деп жазады. Компанияны тексеруді Зеленов ауданының прокуратурасы талап еткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста