Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматуллин мен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр деген ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы «Выход к правде» Telegram-арнасы хабарлады.
«Бүгін желіде жазып жатқандай, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматуллиннің де «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр» делінген хабарламада.
<iframe id="telegram-post-ulysmediatg-2400" src="https://t.me/ulysmediatg/2400?embed=1" width="100%" height="" frameborder="0" scrolling="no" ></iframe>
Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.
Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғанан кейін Бауыржан Байбек пен Нұрлан Нығматулиннің Қазақстаннан ұшып кеткені туралы ақпарат тарады.
Бауыржан Байбек 15 наурызда Германияға ұшып кетті десе, Нығматулинді Әзірбайжанға кетті делінген ақпарат шықты.