Аутизмге шалдыққан баланың анасы: Ұлым барлығымен бірдей мектепке баруға құқылы

Балам барлық оқушымен бірдей мектепке барып, білім алуға толық құқылы. Бұл туралы «Керуен» сауда орталығында өтіп жатқан аутизм мәселесін ақпараттандыру науқанында 8 жасар Ерасылдың анасы Гауһар Мүгінова айтты, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Гаухар Мүгінова – бүгінгі науқанды қолдау үшін арнайы келген ата-аналардың бірі.

«Бүгінгі науқанды қолдауға келдім. Себебі аутизм проблемасы бар. Оны жасырмай, керісінше, үйде оқып жүрген балаларды сыртқа шығарып, мектепке беру керек. Басқа ата-аналар да өз балаларын қолға алып, қоғамдық ортаға шығарғанын қалаймын», - деді ол.

Ол өз баласының аутистикалық спектр ауытқулары барын кеш біліп қалғанын айтты.

«Балам екі жарым жасында сөйлеуі кешігіп жатқанын байқадым. Дәрігерлер түрлі ем айтты, логопедке бардық. Сөйлеуі, дамуы кешігіп жатыр деген диагнозбен жүрдік. Бірақ өзім іштей күмәндандым. Аутизм бар деп ойладым. Шетелдік дәрігерлерге бардық. Тексерді. Мен ойлаған диагнозды растады. Содан кейін есепке қойдық. Мүгедектік алдық. Жасы үлкейген соң басқа балалармен араласып, қоғамға бейімделу керек деп ойладық та, арнайы мамандар іздедік. 2017 жылы 8 жасқа толғанда осы Астанадағы №83 мектептің 1-сыныбына бердік. Қазір басқа балалармен бір сыныпты білім алып жатыр», - деді Гауһар Мүгінова.

Ерасылдың анасы баласына арнайы тютер тауып, оның жалақысын өзі төлейтінін жеткізді.

«Мен балама тәжірибесі бар тютер іздедім. Таптым. Айына 70 мың теңге жалақы төлеймін. Өйткені, балама да, өзге балаларға да ыңғайлы болсын деген оймен тәжірибелі маман таңдадым», - деді ол.

Гауһар Мүгінова аутизм диагнозы бар балалардың ата-аналарына балаларын үйде ұстап отырмауға кеңес берді.

«Өзге ата-аналарға мектеп тарапынан тютер беріледі. Солардан таңдауға болады. Яғни, инклюзивті сыныбы бар мектепке беру үшін сәл қимылдау керек. Баланы үйде ұстап, отыра бергеннен түк шықпайды. Әр ата-ана баласына өзі жауапты. Сондықтан «Болашақ» корпоративтік қорына келіп, кеңес сұрасын. Олар қайда бару керек, кімге бару керек... барлығын түсіндіреді», - деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста